Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2009 жылғы 24 тамыздағы N 78 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5795 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 64 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.06.2021 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):

      1) Заң департаментімен (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінен жариялауға өтінімді алғаннан кейін үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 24 тамыздағы
N 78 қаулысымен бекітілген

Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесі

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері (бұдан әрі - айырбастау пункттері) арқылы жүргізілетін айырбастау операциялары бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу тәртібін айқындайды.

      1. Шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуы уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының жазбаша өкімі негізінде айырбастау пункті үшін белгіленген ұлттық валютадағы шетел валютасы бірлігін сатып алу бағамы мен ұлттық валютадағы шетел валютасы бірлігін сату бағамы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Бағамды биржалық белгілеу шетел валютасының он (жүз, мың) бірлігімен белгіленетін шетел валюталары үшін шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуы тиісінше ұлттық валютадағы шетел валютасының он (жүз, мың) бірлігінің сатып алу бағамдары мен сату бағамдары арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      2. Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі шетел валютасын теңгеге сату бағамы мен сатып алу бағамы арасындағы теңгемен көрсетілген жол берілетін шекті айырмасы түрінде белгіленеді.

      Шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері валюталардың мынадай түрлері бойынша белгіленеді:

      АҚШ доллары;

      еуро;

      ағылшын фунт стерлингі;

      ресей рублі;

      қытай юані.

      3. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2014 № 265 (11.02.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен белгіленеді.

      Ұлттық Банк Басқармасының қаулысында:

      шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері белгіленетін шетел валюталарының түрлері;

      валютаның әрбір түрі үшін ауытқу шегі болуға тиіс.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2014 № 265 (11.02.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының Ұлттық Банк белгілеген шектерінің бұзылғаны анықталған жағдайда Ұлттық Банк уәкілетті банктерге және уәкілетті ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады.

Об утверждении Правил установления пределов отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге по операциям, проводимым через обменные пункты

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2009 года № 78. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 сентября 2009 года № 5795. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 июня 2021 года № 64.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 21.06.2021 № 64 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила установления пределов отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге по операциям, проводимым через обменные пункты.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      3. Департаменту платежного баланса и валютного регулирования (Дюгай Н.Н.):

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сизова С.И.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;

      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан, Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций и Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".

      4. Департаменту организационной работы, внешних и общественных связей Национального Банка Республики Казахстан (Терентьев А.Л.) в трехдневный срок со дня получения от Департамента платежного баланса и валютного регулирования заявки на опубликование принять меры к опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Акишева Д.Т.

Председатель


Национального Банка

Г. Марченко


  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 24 августа 2009 года № 78

Правила
установления пределов отклонения курса покупки от курса
продажи иностранной валюты за тенге по операциям, проводимым
через обменные пункты

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" и определяют порядок установления Национальным Банком Республики Казахстан (далее - Национальный Банк) пределов отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге по операциям, проводимым через обменные пункты уполномоченных банков и уполномоченных организаций (далее - обменные пункты).

      1. Отклонение курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге определяется как разница между курсом покупки единицы иностранной валюты в национальной валюте и курсом продажи единицы иностранной валюты в национальной валюте, установленными для обменного пункта на основании письменного распоряжения должностного лица уполномоченного банка или уполномоченной организации.

      Для иностранных валют, биржевая котировка курса по которым устанавливается в десятках (сотнях, тысячах) единиц иностранной валюты, отклонение курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге определяется как разница между курсами покупки и курсами продажи десятка (сотен, тысяч) единиц иностранной валюты в национальной валюте соответственно.

      2. Предел отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге по операциям, проводимым через обменные пункты, устанавливается в виде выраженной в тенге предельно допустимой разницы между курсом продажи и курсом покупки иностранной валюты за тенге.

      Пределы отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге устанавливаются по следующим видам валют:

      доллар США;

      евро;

      английский фунт стерлингов;

      российский рубль;

      китайский юань.

      3. Пределы отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге по операциям, проводимым через обменные пункты, устанавливаются на срок не более двенадцати последовательных календарных месяцев.

      4. Пределы отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге по операциям, проводимым через обменные пункты, устанавливаются постановлением Правления Национального Банка.

      Постановление Правления Национального Банка должно содержать:

      виды иностранных валют, по которым устанавливаются пределы отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге;

      предел отклонения для каждого вида валюты;

      период действия установленных требований.

      5. Национальный Банк при выявлении нарушения установленных Национальным Банком пределов отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге по операциям, проводимым через обменные пункты, применяет к уполномоченным банкам и уполномоченным организациям меры воздействия и санкции, предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан.