Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.15 N 23-12қ Қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-11қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 5 ақпанда N 557 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2009 жылғы 17 наурыздағы N 29 нөмірінде, 2009 жылғы 19 наурыздағы N 30 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2009 жылғы 28 наурыздағы N 37 нөмірінде жарияланған; "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-11қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 23-290қ қаулысымен өзгеріс енгізілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 13 сәуірде N 567 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 44 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 48 нөмірінде жарияланған; "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-11қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 сәуірдегі N 23-349қ қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 7 мамырда N 575 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 51 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 56-57 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 жылы оқитын жастар мен жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімінде :
5-бағананың 2-жолындағы "Қоғамдық компанияларды ұйымдастыруға және өткізуге, мүгедектер және басқалармен жұмыстарға қатысуға көмек" деген сөздер "Қоғамдық науқандарды ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсету, мүгедектермен жұмыстарға қатысу және басқа жұмыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-бағананың 6-9-жолдары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Қоғамдық науқандарды ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсету, халықпен жұмыстарға қатысу және басқа жұмыстар. Әртүрлі құжаттарды өңдеу жөніндегі техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету.";
5-бағананың 29-92, 95-107, 118-136-жолдары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына қала аумағын жинастыруға көмек көрсету, тұрғын үйді жөндеу мен қайта жаңартуға қатысу, өңірді экологиялық салауаттандыру (көгалдандыру және абаттандыру) және басқа жұмыстар.";
5-бағананың 94-жолындағы "Қоғамдық науқандарды ұйымдастыру және өткізуге, мүгедек балалармен және басқалармен жұмыстарға қатысуға көмек" деген сөздер "Қоғамдық науқандарды ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсету, мүгедек балалармен жұмыстарға қатысу және басқа жұмыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы N 138-148 жолдармен толықтырылсын:
Р/с N |
Кәсіпорындардың, ұйымдардың атауы | Жұмыс түрлері |
---|---|---|
138. |
"Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Қоғамдық науқандарды ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсету, халықпен жұмыстарға қатысу және басқа жұмыстар. Әртүрлі құжаттарды өңдеу жөніндегі техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету. |
139. |
"Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
|
140. |
"Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
|
141. |
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің Астана қаласының Соттар әкімшісі" мемлекеттік мекемесі |
|
142. |
"Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
|
143. |
"Файн Отель Туризм Иштемеджилик" акционерлік қоғамының филиалы |
|
144. |
"Оңалту технологиялары мен тұжырымдамаларының" қоғамдық қоры |
Футбол алаңын ашу мен абаттандыруға көмек көрсету. |
145. |
"Ұлттық ғылыми медициналық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Медициналық қызметтерді көрсетуге көмек. |
146. |
"Астана қаласының Туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесі |
|
147. |
"Газ-қызмет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Газгольдерлер аумағын тазарту мен абаттандыруға көмек көрсету. |
148. |
"Эдем-Палас Сервис Плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына қала аумағын жинастыруға көмек көрсету, тұрғын үйді жөндеу мен қайта жаңартуға қатысу, өңірді экологиялық салауаттандыру (көгалдандыру және абаттандыру) және басқа жұмыстар. |
2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М.Жақсылықовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов