Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі N 114/18-ІV "Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 249/38-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 19 қазанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 592 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 250/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңның 8-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі N 114/18-ІV "Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 15 тамызда N 540 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 тамызда N 99 "Астана ақшамы", 2008 жылғы 21 тамызда N 102 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      шешімнің кіріспесінде "2004 жылғы 24 сәуірдегі" деген сөздер мен сандар "2008 жылғы 4 желтоқсандағы" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешіммен бекітілген Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережесінде:
      7-тармақ келесі мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Мұқтаждылық Туберкулезге қарсы диспансермен мынадай критерийлер жиынтығын: әлеуметтік көмек алушының мәртебесі ретінде (жұмыссыз болып табылатын тұлғаларға басымдылық беріледі), белсенді туберкулезбен ауыратындардың отбасы мүшелерінің саны мен оның асырауындағы отбасы мүшелерінің санын, оның тұрғылықты мекен-жайын (емдеу орнынан алшақтылығын) бағалау жолымен белгіленеді.";
      8-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                       Н. Мещеряков

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                              В. Редкокашин

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Астаны от 9 июля 2008 года № 114/18-IV "О Правилах оказания социальной помощи нуждающимся гражданам, больным активным туберкулезом"

Решение маслихата города Астаны от 18 сентября 2009 года N 249/38-IV. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 19 октября 2009 года N 592. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 27 июня 2014 года № 250/36-V

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 27.06.2014 № 250/36-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 8 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О статусе столицы Республики Казахстан", маслихат города Астаны РЕШИЛ:
      1. Внести в решение маслихата города Астаны от 9 июля 2008 года № 114/18-IV "О Правилах оказания социальной помощи нуждающимся гражданам, больным активным туберкулезом" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 15 августа 2008 года за № 540, опубликовано в газетах "Астана акшамы" № 99 от 21 августа 2008 года, "Вечерняя Астана" № 102 от 21 августа 2008 года) следующие изменения и дополнение:
      в преамбуле решения слова и цифры "от 24 апреля 2004 года" заменить словами и цифрами "от 4 декабря 2008 года";
      в Правилах оказания социальной помощи нуждающимся гражданам, больным активным туберкулезом, утвержденных указанным решением:
      пункт 7 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Нуждаемость определяется Противотуберкулезным диспансером путем оценки в совокупности таких критериев как статус получателя социальной помощи (преимущество отдается лицам, являющимся безработными), его место жительства (удаленность от места лечения), количество находящихся у него на иждивении членов семьи и количество членов семьи, больных активным туберкулезом.";
      пункт 8 исключить.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      маслихата города Астаны                    Н. Мещеряков

      Секретарь маслихата
      города Астаны                              В. Редкокашин