Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 23.12.2015 № 447/62-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 43, 43-1 баптарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 9 ақпандағы N 341/43-ІІІ "Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 14 наурызда N 464 болып тіркелген, 2007 жылғы 20 наурызда N 51 "Астана хабары", 2007 жылғы 20 наурызда N 50-51 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2007 жылғы 12 шілдеде N 407/50-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 9 ақпандағы N 341/43-ІІІ "Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 30 шілдеде N 474 болып тіркелген, 2007 жылғы 4 тамызда N 131-132 "Астана хабары", 2007 жылғы 4 тамызда N 132-133 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2009 жылғы 28 мамырдағы N 226/35-IV "Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 11 маусымда N 582 болып тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда N 65 "Астана ақшамы", 2009 жылғы 16 маусымда N 71 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2009 жылғы 26 тамыздағы N 243/37-IV "Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 1 қазанда N 590 болып тіркелген, 2009 жылғы 6 қазанда N 111 "Астана ақшамы", 2009 жылғы 6 қазанда N 119 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесінде:
1-тармақтағы "міндетті" деген сөз алынып тасталсын.
7-тармақтың екінші азат жолындағы "міндетті" деген сөз алынып тасталсын;
9-тармақ алынып тасталсын;
11-тармақтың екінші азат жолындағы "тыйым салынады" деген сөздер "жол берілмейді" деген сөздермен ауыстырылсын, "немесе толықтай тыйым салуға" деген сөздер алынып тасталсын;
20, 21, 22-тармақтардағы "рұқсат етілмейді, тыйым салынады" деген сөздер "жол берілмейді, жол берілмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
25-тармақтағы "тыйым салынады" деген сөздер "рұқсат берілмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
27-тармақтағы "керек" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын;
28-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"28. Балаларға және 16 жасқа толмаған жас өспірімдерге, сонымен қатар денсаулық жағдайы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға иесінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін иттерді серуенге шығаруға рұқсат берілмейді.";
29, 34-тармақтардағы "тыйым салынады, тыйым салынады" деген сөздер "рұқсат берілмейді, жол берілмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармақтағы "қажет" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын;
41-тармақтағы "тыйым салынады" деген сөздер "рұқсат берілмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тарау жаңа редакцияда жазылсын:
"6 тарау. Ит пен мысық иелері
42. Тіркелген иттер мен мысықтар иесінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік ретінде заңмен қорғалады.
43. Ит немесе мысық Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген аурулар түрімен ауырған деп танылған жағдайда, аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық инспектордың шешімімен, немесе соттың шешімі болған жағдайда ғана иесінен алынып, жойылуы мүмкін. Егер де ит науқас емес деп танылса, онда ол иесіне қайтарылуы тиіс. Сонымен қатар, ит немесе мысық иелерінен адамға жарақат келтірген жағдайларда, қауып алғанда, адамға берілетін аурулардың немесе қауіпті аурулардың болуын тексеру үшін алынуы мүмкін.
44. Иттер мен мысықтардың иелері төмендегі талаптарды орындауға борышты:
1) иттер мен мысықтардың қоршаған ортаға қолайсыздық келтірмейтін және қауіпсіздік тудырмайтын, тыныштықты жағдайын қамтамасыз ету;
2) тұрғын үй-жайларда тыныштықты қамтамасыз ету;
3) алаңдарды, кіреберістерді, сатылық торларды, лифтілерді, балалар алаңдарын, жолдарды, тротуар, шағын гүлбақтарды, демалыс аумақтарын ластамау, ал ластанған жағдайда міндетті түрде жедел тазалауды жүзеге асыру (қағаз немесе полиэтилен пакеттерін пайдалану);
4) жануарларды түрлеріне қарай зоотехникалық, зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес ұстау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
5) иттер мен мысықтарды олардың биологиялық қажеттіліктеріне сай ұстау, оларға ізгілікті қарау, қараусыз қалдырмау, өздерінің жануарларына қажеттілігіне қарай тамақ беру, таза су ішуге жағдай жасау, ұрмау;
6) ветеринариялық мекемелер мамандарының талаптары бойынша иттер мен мысықтарды бақылау үшін, диагностикалық зерттеу және емдеу, алдын-алу шараларын жүргізу үшін бөгетсіз берілуі керек;
7) иттер мен мысықтарды жыл сайын екі, үш айлық мерзімінен бастап ветеринариялық емханаларға бақылау үшін және құтырма ауруына және басқа да инфекциялық ауруларға қарсы алдын алу шараларын қолдануға әкеліп отыру, ветеринарлық құжатына жазбаларды белгілеп отыру;
8) жүйелі түрде, тоқсанына кемінде бір рет иттер мен мысықтарға гельмиттерге және тері паразиттеріне қарсы алдын-алу шараларын қолданып отыруы керек;
9) иттер мен мысықтар ауырғанда немесе ауруға күдікті болғанда жедел түрде ветеринарлық мекемелерге хабарласу, тексерістердің қорытындысы бойынша мамандардың ұсыныстарын мүлтіксіз сақтау;
10) ит немесе мысықты одан әрі ұстауға мүмкіндік болмаған жағдайда оны басқа тұлғаға, жануарларды қорғау мекемелеріне береді немесе ветеринариялық мекемеге тапсырады;
11) үй жануарының өліп қалған жағдайларында немесе құтыру ауруына шалдығуға ұқсас белгілері болған жағдайда жедел түрде ветеринарлық мекемелерге хабарлау қажет және осы жануарлар ветеринарлық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшаулануы тиіс;
12) ит немесе мысық белгісіз себептермен өліп қалған жағдайларда ветеринарлық мекемелерге немесе лицензияланған ветеринарлық дәрігерлерге өлудің себептерін анықтау үшін хабарласу қажет.
45. Өліп қалған иттер мен мысықтардың өлігін лақтырып тастауға, қала аумағына көміп тастауға рұқсат берілмейді.
Иттер мен мысықтардың өлігі қараусыз жануарларды аулайтын және өлген жануарлардың өлекселерін жинайтын қызмет орындарына тапсырылуға немесе жануарлар өлексесін жоюмен айналысатын орындарға тапсырылып, тиісті құжаттар алынуы керек.";
7-тарау алынып тасталсын.
68-тармақтағы "тыйым салынады" деген сөздер "жол берілмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
70-тармақтың 6) тармақшасындағы "жануарлардың иелерін жауапкершілікке тарту жөнінде" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрағасы А. Бұлашев
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин