Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 18.02.2016 № А-2/300 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 01.11.2013 № А-11/2062 қаулысымен (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Көкшетау қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.
Қала әкімі Б.Сапаров