Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2010.11.05 № С-40/7 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесінің» 2 тармағына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Краснояр селолық округіне 2009 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарының көтерме жәрдемақысы бір маманға 70 айлық есептік көрсеткішке тең сомада ұсынылсын.
2. Осы шешім Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төртінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының 31 сессия
төрағасы Б.Яндиев
Төртінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы Қ.Мұстафина
КЕЛІСІЛДІ:
Көкшетау қаласының әкімі Б.Сапаров
«Көкшетау қаласының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Омарова