РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының
2 тармағына сәйкес, халық пікірін ескере отырып Қырыққұдық селосының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қырыққұдық селосының көшелеріне атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – «Иван Панфилов» атауы;
№ 2 көшеге - «Қаныш Сәтпаев» атауы;
№ 3 көшеге – «Абай Кұнанбаев» атауы;
№ 4 көшеге - «Дінмұхамед Қонаев» атауы;
№ 5 көшеге - «Сәкен Сейфуллин» атауы.
2. Көшелері қайта аталсын:
«Центральная» көшесін - «Бөгенбай батыр» атындағы көшесіне;
«Клубная» көшесін - «Мұхтар Әуезов» атындағы көшесіне;
«Школьная» кошесін - «Ыбрай Алтынсарин» атындағы көшесіне;
«Чапаев» көшесін - «Әлия Молдағулова» атындағы көшесіне;
«Мира»көшесін - «Маншүк Маметова» атындағы көшесіне;
«Джамбул» көшесін - «Жамбыл Жабаев» атындағы көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақкөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қырыққұдық селоның
әкімі Д.Е.Бекмағамбетов
КЕЛІСІЛДІ:
«Ақкөл ауданының
мәдиниет және
тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Б.Б.Әкімова
«Ақкөл ауданының
сәулет және
қалақұрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы И.И.Карпова