1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Жібек жолы ауылындағы 2009 жылғы 21 қазандағы тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Жібек жолы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жалтыркөл ауылындағы жаңа құрылыстағы көшелерге атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – Нұркен Әбдіров атындағы атауы,
№ 2 көшеге – Желтоқсан атауы,
№ 3 көшеге – Мұқағали Мақатаев атындағы атауы,
№ 4 көшеге – Жағалау атауы,
№ 5 көшеге – Шәкәрім Құдайбердиев атындағы атауы,
№ 6 көшеге – Тұрар Рысқұлов атындағы атауы,
№ 7 көшеге – Ілияс Есенберлин атындағы атауы,
№ 8 көшеге – Қасым Аманжолов атындағы атауы,
№ 9 көшеге – Қаныш Сәтпаев атындағы атауы,
№ 10 көшеге – Мыржақып Дулатов атындағы атауы,
№ 11 көшеге – Алімхан Ермеков атындағы атауы,
№ 12 көшеге – Алихан Бөкейханов атындағы атауы,
№ 13 көшеге – Жақып Ақпаев атындағы атауы,
№ 14 көшеге – Әмре Қашаубаев атындағы атауы,
№ 15 көшеге – Нұрмұхан Жантурин атындағы атауы,
№ 16 көшеге – Мағжан Жұмабаев атындағы атауы,
№ 17 көшеге – Бабаш Бабашев атындағы атауы,
№ 18 көшеге – Әмина Өмірзақова атындағы атауы,
№ 19 көшеге – Шәкен Айманов атындағы атауы,
№ 20 көшеге - Қаукен Кенжетаев атындағы атауы,
№ 21 көшеге - Дінмұхамет Қонаев атындағы атауы.
2. Жалтыркөл ауылындағы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Степная көшесі – Әйтеке би атындағы көшесіне,
Молодежная көшесі – Төле би атындағы көшесіне,
Школьная көшесі - Сана би атындағы көшесіне,
Набережная көшесі – Қазыбек би атындағы көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жібек жолы ауылдық
округінің әкімі А.Дәулет
КЕЛІСІЛДІ:
Аршалы ауданының «Сәулет
және қала құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекеменің бастығы А.Ибраев
«Аршалы ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекеменің бастығы А.Гросс