Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Садовый селосының тұрғындарының 2009 жылғы 21 қазандағы хаттамасын есепке ала отырып, Ақмола облысы Атбасар ауданының Садовый селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Садовый селосының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 көшесіне - Желтоқсан атауы,
№ 2 көшесіне – Достық атауы,
№ 3 көшесіне – Ыбырай Алтынсарин атындағы атауы,
№ 4 көшесіне – Садовый атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Садовый селолық
округінің әкімі М.Смағұлов
КЕЛІСІЛДІ:
«Атбасар ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
ММ бастығы С.Бекенова
«Атбасар ауданының сәулет
және қала құрылысы бөлімі»
ММ бастығы З.Кенжебаев