Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2010.05.27 № 4С-23-5 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және аудан әкімінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 274 хатына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Астрахан аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С-4-6 «Тұрғын жайды ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді қамтамасыз етуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы Ережесін бекіту туралы», (1-6-77 нөмірмен нормативтік құқықтық кесілімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген және 2008 жылғы 15 ақпандағы аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Тұрғын жайды ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді қамтамасыз етуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы Ережесін бекіту туралы 2 тармақтағы, жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген:
«15» саны «10» санына ауыстырылсын.
2. Шешім 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынас-тарға таралады.
3. Шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап әрекет етеді.
Аудандық мәслихат
сессияның төрағасы А. Ермилов
Аудандық мәслихат
хатшысы Т. Ерсейітов
КЕЛІСІЛДІ:
Астрахан ауданы
әкімі Р. Әкімов
Астрахан ауданының
«Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Қ.Жұмақаев
Астрахан ауданының
«Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы А. Жүсіпова