Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 12-бабының 5-1 тармақшасына, тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі аудандық комиссияның 2009 жылғы 3 маусымдағы шешіміне сәйкес Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының Клубная көшесінде коттедждік үйлерден қайта салынған шағынауданға «Болашақ» шағынауданы атауы берілсін.
2. Қаулы мен шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
3. Қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі Е.Нұғыманов
Бұланды аудандық
мәслихатының 18-сессиясының
төрағасы С.Ержанов
Бұланды аудандық
мәслихатының хатшысы П.Веселов