Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Капитонов селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Пушкино селосының, Балуан Шолақ ауылының көшелеріне атаулар берілсін.
Пушкино селосында:
№ 1 көшеге – Школьная атауы;
№ 2 көшеге – Мира атауы;
№ 3 көшеге – Приречная атауы.
Балуан Шолақ ауылында:
№ 1 көшеге – Бейбітшілік атауы;
№ 2 көшеге – Еркіндік атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Капитонов селолық
округінің әкімі Қ.Б.Батталова
КЕЛІСІЛДІ:
Бұланды ауданының
«Сәулет және
қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Р.К.Әбділдина
Бұланды ауданының
«Мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы С.Е.Аймағамбетова