РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Қараөзек ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Қараөзек ауылының, Байсуат ауылының, Купчановка селосының, Еруслановка селосының көшелеріне атаулар берілсін.
Қараөзек ауылында:
№ 1 көшеге – Балуан Шолақ атындағы атау;
№ 2 көшеге – Мәлік Ғабдуллин атындағы атау;
№ 3 көшеге – Шоқан Уәлиханов атындағы атау;
№ 4 көшеге - Сәкен Сейфуллин атындағы атау.
Байсуат ауылында:
№ 1 көшеге – Абай Құнанбаев атындағы атау;
№ 2 көшеге – Орталық атауы;
№ 3 көшеге - Абылай-хан атындағы атау.
Купчановка селосында:
№ 1 көшеге - Иван Скуридин атындағы атау;
№ 2 көшеге - Мектеп атауы.
Еруслановка селосында:
№ 1 көшеге - Бейбітшілік атауы.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қараөзек ауылдық
округінің әкімі Р.М.Сагитов
КЕЛІСІЛДІ:
Бұланды ауданының «Сәулет және
қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Р.К.Әбділдина
Бұланды ауданының «Мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы С.Е.Аймағамбетова