Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4-тармақшасына және 2009 жылғы 19 мамырдағы Бірсуат ауылы тұрғындары жиынының № 01 хаттамасын, 2009 жылғы 19 мамырдағы Сәуле ауылы тұрғындарының жиынының № 02 хаттамасын есепке ала отырып, Бірсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бірсуат және Сәуле ауылдарының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Бірсуат ауылында № 1 көшесіне – «Біржан сал» атауы, № 2 көшесіне – «Ақан сері» атауы, № 3 көшесіне - «Шоқан Уәлиханов» атауы, № 4 көшесіне - «Сатан Нұрмаганов» атауы және № 5 көшесіне - «Абылай хан» атауы берілсін;
2) Сәуле ауылында № 1 көшесіне – «Ақан сері» атауы, № 2 көшесіне – «Әйтім Әміров» атауы, № 3 көшесіне – «Біржан сал» атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бірсуат ауылдық
округінің әкімі Ж. Қарамолдинов
КЕЛІСІЛДІ:
Еңбекшілдер ауданының
«Сәулет және қала құрылысы
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы А.Қ. Ахметова
Еңбекшілдер ауданының
«Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Г.Т. Жақыпова