Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, және 2009 жылғы 4 наурыздағы Кеңащы селосы тұрғындары жиынының № 02 хаттамасын есепке ала отырып, Кеңащы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Кеңащы селосының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 көшесіне - «Біржан сал» атауы, № 2 көшесіне - «Ақан сері» атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кеңащы ауылдық
округінің әкімі Н.Әубәкіров
КЕЛІСІЛДІ:
Еңбекшілдер ауданының
«Сәулет және қала құрылыс
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы А. Қ. Ахметова
Еңбекшілдер ауданының
«Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Г. Т. Жақыпова