Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2012.06.12 № А-6/257 қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тоқсан сайын әр 18 жасқа толмаған мүгедек-балаға, үйден оқытылып тәрбиеленетін мүгедек балаларға алты айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша әлеуметтік көмегі көрсетілсін.
2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі үйден оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін аудандық бюджеттен бөлінген ақшалай қаражатты уақтылы игерілуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Аудан әкімдігінің осы қаулысының орындалуына бақылау жасау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
4. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Есіл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданы әкімінің
міндеттерін атқарушы Ә.Смағұлов