«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 аңтарындағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, 2009 жылдың 1 шілдедегі Қоянды ауылының тұрғындарының жиналыстарының хаттамасын есепке ала отырып, Қоянды ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Қоянды ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
№ 15 көшесіне -Тұрар Рысқұлов атауы,
№ 16 көшесіне - Ораз Жандосов атауы,
№ 17 көшесіне - Достық атауы,
№ 18 көшесіне - Ынтымақ атауы,
№ 19 көшесіне - Қазақстан атауы,
№ 20 көшесіне - Тәуелсіздік атауы,
№ 21 көшесіне - Болашақ атауы,
№ 22 көшеге - Қоянды атауы,
№ 23 көшеге - Дінмұхамед Қонаев атауы,
№ 24 көшеге – Әл Фараби атауы,
№ 25 көшеге – Ыбырай Алтынсарин атауы,
№ 26 көшеге – Қаныш Сәтбаев атауы,
№ 27 көшеге – Құдайберген Жұбанов атауы,
№ 28 көшеге – Рақымжан Қошқарбаев атауы,
№ 29 көшеге – Аманкелді Иманов атауы,
№ 30 көшеге - Мәлік Ғабдуллин атауы,
№ 31 көшеге – Сағадат Нұрмағанбетов атауы,
№ 32 көшеге – Бауыржан Момышұлы атауы,
№ 33 көшеге – Қажымұқан Мұнайтпасұлы атауы,
№ 34 көшеге – Тоқтар Әубәкіров атауы,
№ 35 көшеге – Талғат Мұсабаев атауы,
№ 36 көшеге – Шоқан Уәлиханов атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Қоянды ауылдық
округінің әкімі Д.Б.Сүгіралиев
КЕЛІСІЛДІ:
«Целиноград ауданының
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
бастығы Ш.Өтегенова
«Целиноград аудандық
сәулет және қала
құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
бастығы А.Сағымбаев