«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасынының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Максимовка ауылының 2009 жылдың 24, 25 маусымдағы № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 15, № 16, № 17, Төнкеріс ауылының 2009 жылдың 26 маусымдағы № 22, Фарфоровый ауылының 2009 жылдың 26 маусымдағы № 18, № 19, № 20, № 21, Қосшоқы станциясының 2009 жылдың 27 маусымдағы № 23, № 24, № 25, Жайнақ станциясының тұрғындар жиналыстардың 2009 жылдың 26 маусымдағы № 26, № 27 хаттамаларын есепке ала отырып, Максимовка ауыл аймағының әкімі ШЕШТІ:
1. Көшелеріне атаулар берілсін:
Максимовка ауылында:
№ 1 көшеге – Атамекен атауы,
№ 2 көшеге – Ақниет атауы,
№ 3 көшеге – Дарын атауы,
№ 4 көшеге – Шалқар атауы,
№ 5 көшеге – Қайнар атауы,
№ 6 көшеге – Өркен атауы,
№ 7 көшеге – Қайсар атауы,
№ 8 көшеге – Айбын атауы,
№ 9 көшеге – Егемендік атауы,
№ 10 көшеге – Береке атауы;
Төнкеріс ауылында:
№ 1 көшеге – Мәдениет атауы,
№ 2 көшеге – Қайраткер атауы,
№ 3 көшеге – Сұнқар атауы;
Фарфоровый ауылында:
№ 1 көшеге – Шапағат атауы,
№ 2 көшеге – Достық атауы,
№ 3 көшеге – Бейбітшілік атауы,
№ 4 көшеге – Парасат атауы;
Қосшоқы станциясында:
№ 1 көшеге – Қаһарман атауы,
№ 2 көшеге – Ыбрай Алтынсарин атауы,
№ 3 көшеге – Алаш атауы;
Жайнақ станциясында:
№ 1 көшеге – Жастар атауы,
№ 2 көшеге – Шұғыла атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Максимовка ауыл
аймағының әкімі С.Жумабаев
КЕЛІСІЛДІ:
«Целиноград ауданының
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ш.Өтегенова
«Целиноград ауданының
сәулет және
қалақұрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Сағымбаев