Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес Шортанды ауданының 2009 жылдың 29 мамырдағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі комиссиясының № 5 шешімімен тұрғындарының пікірі есебімен Новоселовка селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Новоселовка селолық округінің Ошақ селосының көшелеріне атау тағайындалсын:
1) № 1 көшесіне – Жасылды көшесі;
2) № 2 көшесіне – Желтоқсан көшесі;
3) № 3 көшесіне – Бірлік көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа кіреді
Селолық округінің
әкімінің міндетін
атқарушы С. Идрисов
КЕЛІСІЛДІ:
Шортанды ауданының
«Сәулет және қала
құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Е. Байтоқанов
КЕЛІСІЛДІ:
Шортанды ауданының
«Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Т. Бартош