Щучье ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережелерін бекіту туралы

Ақмола облысы Щучье аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № С-13/15 шешімі. Ақмола облысы Щучье ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 маусымда № 1-19-157 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 қарашадағы № С-39/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011.11.14 № С-39/3 шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағына, 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 310 бабына сәйкес, Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Щучье ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстаудың ұсынылған Ережелері бекітілсін.
      2. Осы ережелердің орындалуына бақылау жасау «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 557559 бабында белгіленген лауазымды тұлғаларға жүктелсін.
      3. Осы шешім Щучье ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XIII сессиясының
      төрағасы                                   П.Проскурин

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Г.Марченко

      КЕЛІСІЛДІ:

      Щучье ауданының
      әкімі                                      В.Н.Балахонцев

      «Щучье ауданының ауыл
      шаруашылығы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    М.В.Кухарь

      «Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіп кешенінде
      мемлекеттік инспекция
      комитетінің Щучье
      аудандық аумақтық инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    К.Т.Машимов

      «Щучье ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        С.И.Жолдаспаев

Щучье
аудандық мәслихатының
2009 жылғы 24 сәуірдегі
№ С-13/15 шешімімен
бекітілді

Щучье ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау
ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер

      1. Щучье ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес тұрғындарды адамдар мен жануарлар үшін ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ олардың бірге тұруына қолайлы жағдайды қамтамасыз ету және Щучье ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау тәртібін белгілейді.
      2. Осы ережелер Щучье ауданының елді мекендерінде жануарлар ұстайтын, бұдан әрі - «иелер» деп аталатын барлық заңды және жеке тұлғаларға қатысты.

2. Жануарларды тіркеу тәртібі

      3. «Щучье ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Щучинск қаласы, Бурабай кенті және селолық (ауылдық) округтер әкімдерінің аппараттары жануарларды тіркеу мен есепке алу, сондай-ақ Щучье ауданы бойынша сәйкестендірілген жануарлар деректері базасын құру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
      4. Жануарларды тіркеу оларды есепке алуды мақсатында сәйкестентіру жолымен және жануарлар ауруының алдын алу жөніндегі ветеринарлық өңдеуді жүзеге асыру барысын бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
      5. Тұрғындарға, меншік түріне қарамастан заңды тұлғаларға тиесілі жануарлардың барлық түрлері екі айлық жасынан деректер базасына енгізу үшін уәкілетті мемлекеттік органда екі аптаның ішінде есепке алуға және тіркелуге тиісті.
      6. Жануарларды тіркеу және қайта тіркеу кезінде иелері келесі мәліметтерді тапсырады:
      - иесінің жеке басын растайтын құжат;
      - салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, телефоны;
      - жануар туралы мәлімет (тұқымы, жынысы, аты, жасы, туған жылы, түсі, ерекше белгілері немесе жануардың сипаттамасы);
      7. Жануарларды тіркеу және сәйкестендіру рәсімі жануарлардың иелерінің есебінен жүзеге асады.

3. Жануарларды ұстау

      8. Жануар иесі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарды сатып алады және өз иелігінен айырады;
      2) жануарларды ұстау, өсіру тәртібі туралы қажетті ақпаратты ветеринарлық ұйымдардан алады.
      9. Жануарлар иелерінің қажеттіліктері:
      1) жануарлардың ауруларын ескертуді қамтамасыз ететін ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелерді сақтай отырып ветеринарлық және әкімшілік-шаруашылықтық шараларды іске асыру;
      2) жануарды аурудан уақытылы емдеу және оның алдын алуды іске асыру. Жануар ауырған немесе ол ауруға шалдықты деген күдік туған жағдайларда шұғыл түрде ветеринарлық мекемеге жүгінуге, тексеру нәтижесі бойынша маманның ұсынымдарын бұлжытпай сақтау;
      3) жануарларды ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстауға, өсіру және пайдалану;
      4) жануардың азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне және заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруінің алдын алу;
      5) жануар адамға жарақат келтірген жағдайда зардап шеккен адамды алғашқы медициналық көмек көрсету үшін емханаға жеткізу, құтыру ауруын анықтау үшін 10 күн бойы жануардың ветеринариялық мамандардың бақылауында болуы мен оның сақталуын қамтамасыз етуге, барлық жағдайда медициналық және ветеринариялық қызметтерге тез арада хабарлау;
      6) жануарлардың кенеттен өлгені мен бірнеше жануардың бір уақытта ауырғаны немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткені туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға. Ветеринариялық мамандар келгенше ауруға ұшыраған сезікті жануарларды оқшаулап ұстауға шара қолдану және ауырып өлгендігіне күдікті жануардың өлімтігін сақтау;
      7) ветеринариялық мекемелердің мамандарына олардың негізделген талабы бойынша диагностикалық зерттеуге және емдеу-алдын алу шаралары, егу мен вакцинация жүргізу үшін жануарларды кедергісіз көрсету;
      8) ауылшаруашылық жануарларын жұмсауды сою алдындағы ветеринарлық тексерусіз және сойылғаннан кейін оның тұтас еті мен органдарын ветеринариялық-санитариялық сараптамасысыз сатуға жол бермеу;
      9) өлген жануардың өлімтігін шығарып тастауға жол бермеу. Жануардың өлімтігін жергілікті атқару органдары белгілеген жерлерге (мал өлімтігін көму орны) көму (утилдеу) қажет;
      10) ветеринарлық мамандарға олардың қызметтік міндеттерін орындауларына көмек көрсету.
      10. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, өсіру санитарлық аймақ талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстар қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес арнайы жабдықталған бөлмелерде және қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін есепке ала отырып ұсталады.
      11. Жабайы құстардың ауа кеңістігі арқылы ұшып келуі мен кетуі мезгілдерінде құстардың (барлық түрлерін) иелері құсты жабық орындарда ұстауы қажет.
      12. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде және басқа да ұйымдар мен мекемелерде жануарларды зоологиялық бұрыштарда ұстауға тек ветеринария және санитарлық эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен ғана жол беріледі.
      13. Қоғамдық суқоймаларында және тас тоғандарда көлдер мен суқоймаларының санитарлық аймақтарында, сондай-ақ су алатын колонкалардың, құдықтардың, артезиан ұңғымаларының маңында жануарларды шомылдыруға жол берілмейді.
      14. Малды көшелерде бағуға, саябақтарға, бауларға, орман бақтарына, стадиондарға, мектеп маны учаскелеріне және ортақ пайдаланудағы басқа да жерлерге айдауға және бағуға тыйым салынады.

4. Иелердің жауапкершілігі

      15. Жануарлардың иелері ветеринарлық-санитарлық, ережелер мен нормативтерді сақтамағаны үшін 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 310 бабына сәйкес жауап береді.

Об утверждении Правил содержания животных в населенных пунктах Щучинского района

Решение Щучинского районного маслихата Акмолинской области от 24 апреля 2009 года № С-13/15. Зарегистрировано Управлением юстиции Щучинского района Акмолинской области 8 июня 2009 года № 1-19-157. Утратило силу - решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 14 ноября 2011 года № С-39/3

      Сноска. Утратило силу - решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 14.11.2011 № С-39/3

      В соответствий со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пункта 2 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии», статьи 310 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года «Об административных правонарушениях», Щучинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания животных в населенных пунктах Щучинского района.
      2. Контроль за соблюдением настоящих Правил возложить на должностных лиц, определенных статьями 557559 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях».
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Управлении юстиции Щучинского района и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
      XIII сессии
      районного маслихата                        П.Проскурин

      Секретарь
      районного маслихата                        Г.Марченко

      СОГЛАСОВАНО:

      Аким
      Щучинского района                          В.Н.Балахонцев

      Начальник
      государственного учреждения
      «Отдел сельского хозяйства
      Щучинского района»                         М.В.Кухарь

      Начальник
      государственного учреждения
      «Щучинская территориальная
      инспекция Комитета
      государственной инспекции
      в Агропромышленном Комплексе
      Министерства Сельского Хозяйства
      Республики Казахстан»                      К.Т.Машимов

      Начальник
      государственного учреждения
      «Управление государственного
      санитарно-эпидемиологического
      надзора Акмолинской области
      по Щучинскому району»                      С.И.Жолдоспаев

Утверждены
решением Щучинского
районного маслихата
от 24 апреля 2009 года
№ С-13/15

ПРАВИЛА
содержания животных в населенных пунктах
Щучинского района

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила содержания животных в населенных пунктах Щучинского района (далее - Правила) разработаны в соответствии c Кодексом Республики Казахстан от 30 января 2001 года «Об административных правонарушениях», Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии», с целью охраны здоровья населения от болезней, общих для людей и животных, а также обеспечения благоприятных условий их совместного проживания и устанавливают порядок содержания животных в населенных пунктах Щучинского района.
      2. Настоящие Правила распространяются на юридических и физических лиц, содержащих животных в населенных пунктах Щучинского района, далее - «владельцы».

2. Порядок регистрации животных

      3. Уполномоченным государственным органом по регистрации и учету животных, а также составление базы данных идентификационных животных по Щучинскому району является государственное учреждение «Отдел сельского хозяйства Щучинского района», аппараты акимов сельских (аульного) округов, поселка Бурабай, города Щучинска.
      4. Регистрация животных осуществляется путем их идентификации в целях проведения учета животных и контроля за осуществлением ветеринарной обработки по профилактике болезни животных.
      5. Все виды животных принадлежащих населению, юридическим лицам, независимо от форм собственности, с двух месячного возраста подлежат учету и регистрации в течение двух недель в уполномоченном государственном органе для внесения в базу данных.
      6. При регистрации и перерегистрации животных владельцы представляют следующие данные:
      - документ, удостоверяющий личность владельца;
      -регистрационный номер налогоплательщика, адрес местожительства, телефон.
      -сведения о животных (порода, пол, кличка, возраст, дата рождения, масть, окрас, особые признаки и описание животного).
      7. Процедура регистрации и идентификации животных осуществляются за счет владельцев животных.

3. Содержание животных

      8. Владелец животного:
      1) приобретает и отчуждает животное в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      2) получает необходимую информацию о порядке содержания, разведения животных в ветеринарных организациях.
      9.Владельцам животных необходимо:
      1) осуществлять ветеринарные (вакцинация) и административно - хозяйственные мероприятия с соблюдением ветеринарных (ветеринарно - санитарных) правил, установленных законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии, обеспечивающих предупреждение болезней животных;
      2) осуществлять своевременную профилактику и лечение животного от болезней. Во всех случаях заболевания либо при подозрении на заболевание животного немедленно обращаться в ветеринарные учреждения, неукоснительно соблюдать рекомендации специалиста по результатам обследования;
      3) осуществлять содержание, разведение и использование животных, в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) правилами и нормативами;
      4) предотвращать причинение вреда животным и здоровью граждан, их имуществу и имуществу юридических лиц;
      5) при нанесении травм животным человеку, доставить пострадавшего человека в поликлинику для оказания первичной медицинской помощи, обеспечить сохранность и наблюдение животного ветеринарными специалистами в течение 10 дней на исключение бешенства, во всех случаях немедленно сообщать в медицинские и ветеринарные службы;
      6) извещать ветеринарных специалистов о случае внезапного падежа, одновременного заболевания нескольких животных или об их необычном поведении. До прибытия ветеринарных специалистов принять меры к изолированному содержанию животных, подозреваемых в заболевании, и сохранению трупов павших животных, подозреваемых в заболевании;
      7) беспрепятственно предоставлять специалистам ветеринарных учреждений по их обоснованному требованию животное для осуществления осмотра, диагностических исследований и проведения лечебно - профилактических обработок, прививок, вакцинации;
      8) не допускать убоя сельскохозяйственных животных для реализации без их предубойного ветеринарного осмотра и послеубойной ветеринарно - санитарной экспертизы туш и органов;
      9) не допускается выброс трупа павшего животного. Труп животного подлежит захоронению (утилизации) в местах (скотомогильниках), установленных местным исполнительным органом;
      10) оказывать содействие ветеринарным специалистам в выполнении ими служебных обязанностей.
      10. Содержание, разведение сельскохозяйственных животных осуществляется в соответствии с требованиями санитарных зон. Сельскохозяйственные животные, птицы содержатся в помещениях, оборудованных в соответствии с действующими ветеринарно - санитарными нормами и с учетом экологической безопасности окружающей среды.
      11. В период перелета диких птиц через воздушное пространство владельцам птиц (всех видов) необходимо содержать птицу в закрытых помещениях.
      12. Содержание животных в зоо-уголках детских дошкольных учреждений, школ и других организациях и учреждениях допускается только по согласованию с уполномоченным государственным органом в области ветеринарии и органами санитарно - эпидемиологического надзора.
      13. Не допускается купание животных в общественных водоемах и водозаборах, санитарной зоне рек и водоемов, а также в непосредственной близости от водоразборных колонок, колодцев, артезианских скважин.
      14. Запрещается пасти скот на улицах, прогонять и пасти скот в скверах, садах, лесопарках, на стадионах, пришкольных участках и других местах общего пользования.

4.Ответственность владельцев

      15. За несоблюдение ветеринарно-санитарных правил, нормативов, владелец несет ответственность в соответствии со статьей 310 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях».