Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2014 № 273 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 530 бабының 3 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.
"Ақтөбе облысының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес екі есеге арттырылсын.
2.
Облыстық мәслихаттың Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 28 маусымда № 3263 тіркелген 2008 жылғы 18 маусымдағы № 89 "Ақтөбе облысының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы ставкалар мөлшерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3.
Осы шешім алғаш рет жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
В. ФАЛАЛЕЕВ |
Облыстық мәслихаттың |
Ақтөбе облысының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкаларының арттырылған мөлшерлері
Рет № |
Жарнама түрлері |
Төлемақы ставкалары (бір жағы үшін) (АЕК) |
Облыстық маңызы бар қалалар (Ақтөбе қаласы) |
||
1 |
2 |
3 |
1. |
Жылжымайтын объектілерде: |
|
1.1. |
алаңы 2 ш.м. дейін сілтемелер, маңдайшалар, ақпараттық қалқандар (бір объект үшін) |
2 |
1.2. |
лайтбокстер (сити форматтағы) |
4 |
1.3. |
алаңы мынадай болатын жарнамалық-ақпараттық объектілер: |
|
1.3.2. |
5-тен 10 ш.м. дейін |
10 |
1.3.3. |
10-нан 20 ш.м. дейін |
20 |
1.3.4. |
20-дан 30 ш.м. дейін |
30 |
1.3.5. |
30-дан 50 ш.м. дейін |
40 |
1.3.6. |
50-ден 70 ш.м. дейін |
60 |
1.3.7. |
70 ш.м. астам |
100 |