"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына , "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданының Черноводск селосы – Қарақұдық ауылы деп қайта аталсын.
2. Әкімдіктің осы қаулысы және мәслихаттың шешімі ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е. САҒЫНДЫҚОВ |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Н.САБДЫҚОВ |