Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2011.08.01 № 242 Қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабының 2 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28 бабының 3 тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілердің тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 195 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 3256 тіркелген және «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің 2008 жылғы 15 шілдедегі № 83-83 (18.737-19.084) санында жарияланған), «Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілердің тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 3287 тіркелген және «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 56-57 (18.871-18.872), № 57-58 (19.119-19.120) санында жарияланған) облыс әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 102 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының 2 тармағында және одан әрі мәтін бойынша «Ақтөбе облыстық қаржы департаменті» деген сөздер «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
қаулының 3 тармағында «М.Серікбаев» деген сөз «А.Дубовенко» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілердің тізбесін бекіту туралы» каулының косымшасында:
Ақтөбе қаласы бойынша 26-16 - 26-22;
Мәртөк ауданы бойынша 63-1;
Шалқар ауданы бойынша 84-1 жолдарымен толықтырылсын;
Байғанин ауданы Ебейті селосындағы монша ғимараты деген 43- жол;
Байғанин ауданы Қарауылкелді селосындағы бұрынғы туберкулез диспансерінің ғимараты деген 44- жол;
Мәртөк ауданы Вознесеновка селосындағы цемент қоймасы ғимараты деген 57- жол;
Мәртөк ауданы Вознесеновка селосындағы құрылыс материалдары қоймасы деген 58- жол;
Мәртөк ауданы Вознесеновка селосындағы үй құрылысына арналған жер учаскесі деген 62- жол;
Пилорам ғимараты Вознесеновка селосындағы Мәртөк ауданы деген 63- жол;
Ойыл ауданы Ойыл селосындағы ауруханасының ғимараты деген 66- жол алынып тасталсын.
2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ (С.Еңсегенұлы) мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерінің тізіліміне тиісті өзгерістер енгізсін.
3. «Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілердің тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 195 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қазандағы № 294 қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е. Сағындықов
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2009 жылғы 18 қарашадағы № 340
қаулысына қосымша
Ақтөбе қаласы | |||||
---|---|---|---|---|---|
26-16 |
1996 жылы шығарылған, м/н D 965 BW, «ВАЗ-21213» автокөлігі. |
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК |
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК директорының 24.03.2009 ж. № 132 хаты |
жағдайы қанағаттанарлық |
|
26-17 |
1991 жылы шығарылған, м/н D 914 BW «ВАЗ-21063» автокөлігі. |
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК |
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК директорының 24.03.2009 ж. № 132 хаты |
жағдайы қанағаттанарлық |
|
26-18 |
1995 жылы шығарылған, м/н D 945 BW «УАЗ-31514» автокөлігі. |
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК |
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК директорының 24.03.2009 ж. № 132 хаты |
жағдайы қанағаттанарлық |
|
26-19 |
1989 жылы шығарылған м/н D 960 BW «ГАЗ-66» автокөлігі. |
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК |
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК директорының 24.03.2009 ж. № 132 хаты |
жағдайы қанағаттанарлық |
|
26-20 |
1999 жылы шығарылған, м/н D 902 BW «ГАЗ-3110» автокөлігі. |
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК |
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК директорының 24.03.2009ж. № 132 хаты |
жағдайы қанағаттанарлық |
|
26-21 |
1988 жылы шығарылған, м/н D 979 BW «ЗИЛ 131 н» автокөлігі. |
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК |
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК директорының 24.03.2009 ж. № 132 хаты |
жағдайы қанағаттанарлық |
|
26-22 |
Қосалқы шаруашылық |
Ақтөбе қ. |
Түгендеу жүргізу барысында |
жағдайы қанағаттанарлықсыз |
|
Мәртөк ауданы | |||||
63-1 |
Шошқа кешені |
Байнасай с/о |
Түгендеу жүргізу барысында |
жағдайы қанағаттанарлықсыз |
|
Шалқар ауданы | |||||
84-1 |
2 қойма ғимараты |
Шетырғыз с/о |
Шалқар ауданы әкімінің 02.04.2009 ж. № 373 хаты |
жағдайы қанағаттанарлықсыз |