"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 62 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қосымша беріліп отырған "Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын берудің Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
Қ.ТОҚТАРОВ | Б.ОРДАБАЕВ |
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 262 облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген |
"Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын берудің Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. "Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру туралы осы Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына және 27-бабының 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес жасалды және "Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын берудің тәртібін анықтайды.
2. "Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын (одан әрі – Атақ) беру азаматтардың көп жылғы жемісті еңбегін, олардың қабілеті мен дарынын және бастамаларын қоғамдық мойындауды білдіретін маңызды моральдық ынталандыру болып табылады.
3. "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағы қызметі Ақтөбе облысымен (қаламен, ауданмен) 10 жылдан кем емес байланысты болған және мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін тұлғаларға беріледі:
1) кәсіби міндеттерін немесе азаматтық борышын атқару кезінде жеке батылдық танытқан, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету және нығайту жөніндегі жұмысқа үлес қосқан;
2) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында өзін көрсеткен, өз қызметі кезеңінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлеріне;
3) мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі, демократияны, жариялылық пен әлеуметтік прогресті, өңірдің рухани және зияткерлік әлеуетін дамытудағы, бизнестегі, шығармашылықтағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі жетістіктері, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі, қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі үшін;
4) облыстың (қаланың, ауданның) елдегі және шетелдегі имиджін арттыру;
5) ерекше сіңірген еңбегі - ең жоғары нәтижелерге қол жеткізгендері үшін облыстың (қаланың, ауданның) спорт, ғылым және техника, мәдениет, өнер, әдебиет, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саласын дамыту;
6) өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ білім беру сапасын жетілдіруге және арттыруға үлес қосқандарға;
7) өңірде тұратын этностар арасындағы ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайту, тәуелсіз егемен Қазақстанның тұтастығын сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық контингентінің бітімгершілік операциясына қатысушы азамат ерлік жасаған жағдайда (апаттың, халықтың қаза табуын алдын алу, қиын жағдайда қалған дәрменсіз адамдардың өмірін құтқару), сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына мәдениеттегі, спорттағы, өнердегі және ғылыми қызметтегі ерекше жетістіктері үшін атақ осы тармақтың 1-абзацында белгіленген мерзімге дейін берілуі мүмкін.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 62 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. "Ақтөбе облысының (қаласының, ауданның) Құрметті азаматы" атағы өмір бойына беріледі және оның иесі қайтыс болғанда ғана өз күшін жояды.
2. Атақ беру тәртібі
5. Атақ беру туралы еңбек ұжымдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, шығармашылық одақтар, қоғамдық мүдделерді қорғайтын бастамашылық топтар ұсыныс жасай алады.
Өтініш хатқа тиісті басшының қолы қойылады және облыстың (қаланың, ауданның) әкіміне жолданады.
Өтініш хатта үміткердің негізгі өмірбаяндық деректері, оның облысқа (қалаға, ауданға) сіңірген еңбегі және жетістіктері жөнінде қысқаша баяны дәлелдейтін құжаттарымен бірге көрсетіледі, сонымен қатар жиналыс хаттамасынан немесе шешімінен көшірме, үміткердің көлемі 3х4 сантиметр (2 дана) және 6х9 сантиметр (1 дана кітап үшін) фотосуреттері қоса беріледі.
6. Кандидатурасын өз бетімен ұсынған адамдардан түскен Атақ беру туралы өтініш хат қаралмайды. Үміткерлерде бұрын берілген ұқсас атақтардың жоқтығы Атақ беру үшін шарт болып табылады.
7. Өтініш хат облыстың (қаланың, ауданның) әкімі құрған тиісті комиссияларда қаралады.
8. Комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
9. Комиссияның шешімі ұсыну сипатында болады және барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
10. Комиссия өтініш хатты қанағаттандырып және тиісті мәслихаттың қарауына Атақ беру туралы ұсыныс енгізуге облыс (қала, аудан) әкіміне ұсынады немесе тиісті себептерін көрсетіп, кері қайтара алады.
11. Атақ жыл сайын облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынуы бойынша тиісті мәслихатпен беріледі, бірақ облыс бойынша бес, қала бойынша төрт және аудан бойынша үш азаматтан аспауы тиіс.
Ескерту. 11 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 62 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).12. Атақ беру туралы тиісті мәслихаттың шешімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
13. Атақ берілуі мүмкін емес:
ұсынылған сәтте белгіленген заңнамалық тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған, сотталғандығы бар адамдарға;
іс-әрекетке қабілеттілігі шектеулі, немесе іс-әрекетке қабілетсіздігі сотпен танылған адамдарға.
3. Куәлікті және төсбелгіні тапсыру тәртібі
14. Атақ иегеріне төсбелгі және куәлік тапсырылады. Тапсыру салтанатты жағдайда және жариялы түрде жүргізіледі.
15. Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы куәлігіне облыстың (қаланың, ауданның) әкімі және тиісті мәслихаттың төрағасы қол қояды.
Ескерту. 15 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 62 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).16. Ақтөбе облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматын "Құрмет кітабына" тіркеу хронологиялық тәртіппен жүргізіледі.
17. Төсбелгіні жасау, оған куәлік жасақтау, "Құрмет кітабын" безендіру қолданыстағы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
18. Төсбелгілерді, куәліктерді әзірлеуге, "Құрмет кітабын" ұстауға кететін шығындарды қаржыландыру:
"Ақтөбе облысының Құрметті азаматы" атағын беруде облыстық бюджетте;
"Ауданның (қаланың) Құрметті азаматы" атағын беруде аудандардың (қаланың) бюджеттерінде қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
4. Атақтан айыру негіздемелері
19. Тиісті мәслихаттың сессиясының шешімімен Азамат мына жағдайда атақтан айырылуы мүмкін:
үлкен қоғамдық резонанс туғызған өрескел іс-әрекет жасаса;
соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде.
20. Сот шешімі негізінде ақталған адамдардың Атаққа құқықтары тиісті мәслихаттың шешімімен қалпына келтіріледі.
Ескерту. 20 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 62 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).