Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2012.17.03. N 30 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7, 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2010.02.05 № 36 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 тармақтан қараңыз) қаулысымен.
1. Жұмыссыз азаматтарды, сондай-ақ халықтың мақсатты тобындағы жұмыссыз азаматтарды, жұмыстан босатылғандарды, білім ордасының түлектерін, жұмысқа жарамды жастағы оралмандарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы немесе құрушы кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі бекітілсін.
2. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Ұ.Берденова) әлеуметтік жұмыс орындарын құруға тілек білдірген жұмыс берушілерді іріктеу, жұмыс берушінің жұмсаған қаражатының жарым-жартылай ақшасын жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен қабылданған жұмысшыларға айына 20000 теңгеден аспайтын еңбекақы төлеу және жұмыс ұзақтығы 6 ай мерзімге келісім – шарт жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2010.02.05 № 36 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 тармақтан қараңыз) қаулысымен.
3. «Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ (О.Көшербаева) «Республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы бағдарламасын кеңейту» кіші бағдарламасын жоспарлауды қамтамасыз етсін.
4. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы «Халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету бойынша қосымша шаралар туралы» № 144, Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 24 наурыздағы «Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы № 144 «Халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету бойынша қосымша шаралар туралы қаулысына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» № 78 қаулыларының күші жойылды деп есептелсін.
5. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» № 61 қаулысы бұзылсын.
6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.
7. Осы қаулының жүзеге асырылуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке жүктелсін.
Аудан әкімі М. Жұмағазиев
Аудандық әкімдіқтің
2009 жылғы 18 мамыр
№ 112 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Жұмыс орналастыру үшін осы мекемелердің басшыларымен келісілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы немесе құрушы мекемелер мен ұйымдардың тізімі
«Пацаев» ЖШС директоры Ж. Калдыгулов
«Табигат+» ЖШС директоры А. Сеитов
«Саха» ЖШС директоры Х. Сагандыков
«Кос-Истек Агро» ЖШС директоры Н. Кусмауль
«Бадамша-Сервис» КМК бастығы Н. Акнажиев
«Нива» шаруа қожалығының басшысы П. Стырличук
«Ақ-бидай» шаруа қожалығының басшысы Ю. Сенич
«Бурлин» шаруа қожалығының басшысы А. Ступников
«Алла» шаруа қожалығының басшысы А. Толкушкина
«Арман» шаруа қожалығының басшысы Ж. Кольжанов
«Таң» шаруа қожалығының басшысы С. Черненко
«Сұлтан» шаруа қожалығының басшысы Н. Баянтаев
«Динара» шаруа қожалығының басшысы М. Мукушев
«Әлем» шаруа қожалығының басшысы А. Белинский
«Әлем+» шаруа қожалығының басшысы В. Черненко
«Алма» шаруа қожалығының басшысы Э. Кофлер
«Сабина» шаруа қожалығының басшысы Т. Бижанов
«Қуагаш» шаруа қожалығының басшысы А. Сибагатов
«Кудря» шаруа қожалығының басшысы И. Кудря
Жеке кәсіпкер О. Коновалова
Жеке кәсіпкер Г. Уксукбаев
Жеке кәсіпкер А. Жардаев
Жеке кәсіпкер У. Кустанов
Жеке кәсіпкер Б. Казмагамбетова
Жеке кәсіпкер Н. Лебеденко
Жеке кәсіпкер «Алина» дүкені Т. Дильмагамбетов
Жеке кәсіпкер Т. Запорожец
«Рассвет» шаруа қожалығының басшысы О. Ровенский
«Ақ-Жайык» шаруа қожалығының басшысы Ю. Слободенюк
«Тұлпар» шаруа қожалығының басшысы В. Глуханьков
«Ақжан» шаруа қожалығының басшысы А. Акбанов
«Аслан» шаруа қожалығының басшысы Г. Мухамбетов
«Надежда»шаруа қожалығының басшысы Ю. Вороной
«Бақытты Бағдат» шаруа қожалығының
басшысы С. Шаймагамбетов
«Көктем» шаруа қожалығының басшысы З. Молдыбаев
«Динара» дүкені Г.С. Ибрашева
«Радуга» дүкені М.Х. Искакова
Жеке кәсіпкер А.К. Сибагатов
«Ветерок» шаруа қожалығының басшысы С.Н. Варфоломеев
ТОО «Тазалық-7» директоры А.И. Сарсенгалиева
Жеке кәсіпкер Г. Каримбаева
«Ануар» шаруа қожалығының басшысы К. Уразбаев
«Жас Даурен» шаруа қожалығының басшысы С. Утешев
ТОО «DZHAN» директоры С.К. Махмутов
«Белый» шаруа қожалығының басшысы Ю. Белый
«Достан» шаруа қожалығының басшысы Б.Ж. Баганаев
Жеке кәсіпкер Л. Бабич
«Аслан» шаруа қожалығының басшысы А. Кулекенов
ДЭП Кос-Истек ауылы
АОФ РГП «Казавтодор» мастер В. Антманис
«Темирхан» шаруа қожалығының басшысы К. Акдавлетов
«Алтын-дала» шаруа қожалығының басшысы Х. Каримбаев
Жеке кәсіпкер Л. Тулегенова
Жеке кәсіпкер С.К. Махмутов
Жеке кәсіпкер Г.К. Елемесова
Жеке кәсіпкер К.Н. Турганова
Жеке кәсіпкер С.А. Айтпаева
«Кызыл-Ту» шаруа қожалығының басшысы А.Н. Титов
«Ерлан» шаруа қожалығының басшысы Н.С. Есенов
«Ержан» шаруа қожалығының басшысы Е.М. Дильжанов
«Жасулан» шаруа қожалығының басшысы А.Д. Сандыбеков
«Касым» шаруа қожалығының басшысы М.К. Касымов
Жеке кәсіпкер Ә.С. Зильмухамедова
«Нуртас» шаруа қожалығының басшысы А.Н. Алмышев