Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2010.10.27 N 155 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңның 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95 Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және азық-түлік бағасының көтерілуіне байланысты халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобын әлеуметтік қорғау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 3000 теңге көлемінде келесі санаттағы азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына;
2) ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге.
2. Әлеуметтік көмек аудандық бюджеттен ай сайын ақшалай түрде алушының жеке есепшотына аударма жасау жолымен көрсетіледі.
3. Мұғалжар аудандық мәслихатының Мұғалжар ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 23 сәуірінде N 3-9-61 тіркелген 2008 жылғы 20 наурыздағы N 38 "Аз қамтылған азаматтарға және ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің және осы шешімге өзгеріс енгізу туралы аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 28 қазанында N 3-9-72 болып тіркелген 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 66 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
кезекті он төртінші хатшысы
сессиясының төрағасы
Д.М.Мұрзатаев С.С.Салықбаев