"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2005 жылғы 31 наурыздағы № 94 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1612 болып тіркелген, 2005 жылдың 28 мамырында "Ақ жол" және 2005 жылдың 24 мамырында "Знамя труда" облыстық газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары бөлшек саудасының Тұрпатты ережелерінің:
6), 7), 8) тармақшалары алынып тасталсын;
3 тараудың атауындағы "Осы тәртіптің сақталуына бақылау және жауапкершілік" деген сөздер "Осы тәртіптің сақталуына бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Құмар Іргебайұлы Ақсақаловқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Б. Жексембин |