РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабының 3 тармағына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына сәйкес, Тараз қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Он сегiзден жиырма жетi жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқада әскерлермен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда қалалық комиссиясы құрылсын:
Мельников |
«Жамбыл облысы Тараз қаласының Қорғаныс |
Сембекова |
«Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің |
Комиссия мүшелері: |
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер |
Тәуірбеков Ербол Тоқтасынұлы, |
«Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық |
Нұрқадірова Рабиға Әбдіқадірқызы, |
«Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық |
3. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Тараз қалалық № 1 полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ә.Қ. Қарасартовқа (келісімі бойынша), «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Тараз қалалық № 2 полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Ә. Күлекеевке (келісімі бойынша), «Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігінің Жамбыл облысы
Ішкі Істер Департаментінің 3-ші полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.М. Бужуковқа (келісімі бойынша) өздерінің құзыреті шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары М.А. Ақтановаға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қаласының әкімі І. Тортаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Тараз қалалық денсаулық сақтау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М.Б. Шегенова
23 сәуір 2009 жыл
«Жамбыл облысы Тараз қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С.И. Мельников
23 сәуір 2009 жыл
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігінің Жамбыл облыстық Ішкі істер
департаментінің Тараз қалалық № 1 полиция
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ә.Қ. Қарасартов
23 сәуір 2009 жыл
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігінің Жамбыл облыстық ішкі істер
департаментінің Тараз қалалық № 2 полиция
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Ә. Күлекеев
23 сәуір 2009 жыл
«Қазақстан Республикасының ішкі істер
Министрлігі Жамбыл облысы Ішкі Істер
Департаментінің 3-ші полиция бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М.М. Бужуков
23 сәуір 2009 жыл
«Жамбыл облысы әкімиятының
денсаулық сақтау басқармасының
жедел медициналық жәрдем
ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
қазынылық кәсіпорнының бас дәрігері
С.З. Бейсенбеков
23 сәуір 2009 жыл
«Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық
сақтау басқармасының № 2 қалалық
ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
У.Б. Байдарбеков
23 сәуір 2009 жыл