РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. «Жамбыл облысы Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 2010 жылдың қаңтар–наурыз айларында Тараз қаласында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
2. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысымен айқындалған тәртіппен әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде азаматтардың медициналық комиссиядан өтуі ұйымдастырылсын.
3. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Тараз қалалық Ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өз құзыреттері шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары М.А. Актановаға жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қаласының әкімі Е. Астаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы Тараз қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С.И. Мельников
28 желтоқсан 2009 жыл
«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің
Тараз қалалық Ішкі істер басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Ә. Күлекеев
28 желтоқсан 2009 жыл