РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына және 37 бабының 8 тармағына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына сәйкес және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскері қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін мына құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Джанабердиев Бауыржан Советович |
- |
«Жамбыл облысы Қордай ауданының |
Шарапов Арман Бектурганович |
- |
«Қордай ауданы әкімінің аппараты» |
Комиссия мүшелері:
Баймухамбетов Бахыт |
- |
«Жамбыл облысы ішкі істер |
Озиев Джапар Уршанович |
- |
«Жамбыл облысы әкімиятының |
Кучерявая Галина Радионовна |
- |
«Жамбыл облысы әкімиятының |
3. «Жамбыл облысы ішкі істер Департаментінің Қордай аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Жунискадыров Талгат Кошкинбаевичке (келісім бойынша), әскери міндеттерден жалтарып шақырушылардың жөнелтілуін және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Жамангозовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнен бастап заңды күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Қордай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 сәуірдегі «Азаматтарды 2009 жылдың сәуір - маусым және қазан – желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметін өтеуге кезекті шақыру туралы» № 172 қаулысының қолданылуы жойылсын.
Қордай ауданының Әкімі М. Жолдасбаев
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл облысы Қордай ауданының
Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.С. Джанабердиев
2009 жылғы 18 мамыр
«Жамбыл облысы ішкі істер Департаментінің
Қордай аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Т.К. Жунискадыров
2009 жылғы 18 мамыр
«Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық
сақтау басқармасының Қордай аудандық
орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
Э.Ф. Заманов
2009 жылғы 18 мамыр