РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты).
Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдармен қамтамасыз ету мақсатында, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабы негізінде және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 2 тармағын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне 2010 жылдың бірінші жартыжылдығына «Қордай шамшырағы» - «Кордайский маяк» газетіне 107 (бір жүз жеті) данасына жазылу үшін материалдық көмек көрсетілсін.
2. «Қордай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлінген қаржыны мақсатты пайдалансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Т. Жамангөзовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Қордай ауданының әкімі М. Жолдасбаев