Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне пайдалану қызметі мен газбен қамтамасыз етуге төлеу үшін материалдық көмек көрсету туралы

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 4/4 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2009 жылы 02 наурызда N 8-3-74 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 11/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010.03.25 N 11/12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы 14 сессиясының "2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-68 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 14 қаңтар мен 21 қаңтардағы N 2, N 3 "Зеркало" және 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 3 "Теміртау" газеттерінде жарияланған) N 14/4 шешімін басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне пайдалану қызметі мен газбен қамтамасыз етуге төлеу үшін материалдық көмекті төлеуді қамтамасыз етсін;
      2) материалдық көмекті төлеу алушылардың жеке шотына аудару арқылы жүргізілсін.
      2. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінде материалдық көмек көрсетуге арналған төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      4. Осы қаулы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

      Теміртау қаласының әкімі                   О. Бітебаев

Об оказании материальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны для оплаты за эксплутационные услуги и газоснабжение

Постановление акимата города Темиртау Карагандинской области от 29 января 2009 года N 4/4. Зарегистрировано Управлением юстиции города Темиртау Карагандинской области 02 марта 2009 года N 8-3-74. Утратило силу - постановлением акимата города Темиртау Карагандинской области от 25 марта 2010 года N 11/12

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Темиртау от 25.03.2010 N 11/12.

      В соответствии со статьей 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", руководствуясь решением 14 сессии Темиртауского городского маслихата от 25 декабря 2008 года N 14/4 "О городском бюджете на 2009 год" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 8–3-68, опубликовано 14 января, 21 января 2009 года в газете "Зеркало" N 2, N 3 и 15 января 2009 года в газете "Темиртау" N 3), акимат города Темиртау ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Темиртау":
      1) обеспечить с 1 января 2009 года выплату материальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны для оплаты эксплуатационных услуг и газоснабжения;
      2) выплату материальной помощи производить на лицевые счета получателей.
      2. Государственному учреждению "Отдел финансов города Темиртау" обеспечить своевременность финансирования выплат на оказание материальной помощи за счет средств, предусмотренных по программе 007 "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов".
      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Куринную Татьяну Михайловну.
      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2009 года.

      Аким города Темиртау                       О. Битебаев