Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2010.02.04 N 04/01 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңдарына және Балқаш қалалық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 14/118 "2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы" (тіркеу нөмірі 8-4-126 2009 жылғы 5 қаңтардағы) шешіміне сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінген әлеуметтік төлемдердің келесі түрлері мен көлемдері бекітілсін:
1) 4 044 теңге көлемінде, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне "Орталық Қазақстан" және "Индустриальная Караганда" басылымдарына жазылуға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету;
2) Азық-түлік тағамдарына бағаның көтерілуіне байланысты, мемлекеттік жәрдемақы алатын көпбалалы отбасылар балаларына, адрестік әлеуметтік көмек алатындарға, ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсету;
3) 3 000 теңге көлемінде, ата-аналары өмірлік қиын жағдайда жүрген аз қамтылған отбасылар балаларына жаңа оқу жылына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету;
4) 5 000 теңге көлемінде, орта мектеп пен орта арнаулы оқу орындарының түлектерінің қатарынан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету;
5) 10 000 теңге көлемінде Балқаш қаласында тұрғылықты тұратын Ауғаныстандағы соғыс қимылдарына қатысқандарға біржолғы материалдық көмек беру.
2. Әлеуметтік көмек көрсету және төлеуде уәкілетті орган ретінде "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталсын.
3. Әлеуметтік көмекті төлеу, уәкілетті органның ұсынған тізімі негізінде, әлеуметтік көмекті алушының жеке шотына Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің банкілік операциялар түрлеріне сәйкес лицензиясы бар екінші деңгейдегі банкілер және ұйымдарға, қаржы аудару арқылы жасалсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.
Балқаш қаласының әкімі Қ. Тейлянов