Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Cаран қаласы мәслихатының 13 сессиясының 2012.12.06 N 139 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Саран қалалық мәслихатының 2008 жылғы 27 мамырдағы 5 сессиясының N 114 "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстары ұйымдастыру және Саран қаласы мен Актас кенті аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілер Реестрінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 8–7-66, "Ваша газета" газетінде 2008 жылы 12 шілдеде N 28 жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
1) "тыйым салынады" сөзі "жол берілмейді" сөзімен ауыстырылсын;
2) 4 тармақтағы сөйлем "Келісілген сәттен бастап бекітілген аумақтың санитарлық тазалығы жөніндегі міндеттер субъектіге жүктеледі." "Бекітілген аумақтары бар субъектілер, келісімге отырған сәттен бастап олардың санитарлық жағдайын сақтауы қажет." сөйлемімен ауыстырылсын;
3) 29 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын "Толассыз технологиялық тазалықты қамтамасыз ету үшін жол төсемін қоқыстан, қардан, ластан бұқаралық көпшілік объектілеріне тікелей жақын орналасқан жерлерде, қаладағы магистральді көшелердің жиегінде күнделікті 23.00 ден 7.00 ге дейін автокөліктердің тұруына жол берілмейді, тұрақ орны қажетті жол белгісімен белгіленеді.";
4) 97 тармақтағы сөйлем "Іргелес жатқан абаттандыру объектілеріне, жасыл желектерге, гүлзарларға және тағы басқалар зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері, абаттандыру объектілерін өз қаражаты есебінен алғашқы қалпына келтіруі қажет." "Сауда нүктелерінің иелері іргелес жатқан абаттандыру объектілеріне, жасыл желектерге, газондарға және тағы басқаларға зиян келтірсе, өзінің жеке қаржысынан абаттандыру объектілерін алғашқы қалпына келтіруі қажет." сөйлемімен ауыстырылсын;
5) 115 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын "Шағын архитектуралық формалардың иелері – заңды және жеке тұлғаларға өз есептерінен жөндеу, сырлау, ауыстыру жұмыстарын жүргізулері қажет.";
6) 126 тармақтағы сөйлем "Шаруашылығында инженерлік коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар, қаланың көркін бұзуға әкеліп соғатын инженерлік желілер мен орын-жайлардың техникалық жағдайын әрдайым қарап отыруы қажет," "Жер және басқа жұмыстарды жүргізуші барлық заңды және жеке тұлғалар үшін, жол қабатын, тротуарлар мен басқа объектілерді бұзуға байланысты, қала аумағында қалалық шаруашылықтардың элементтерін, қала әкімдігінің қаулысымен анықталған тиісті қалалық қызметке жұмыстарды жүргізуге рұқсат алулары қажет." сөйлемімен ауыстырылсын;
7) 134 тармақтағы сөйлем "Апат туындаған жағдайда инженерлік коммуникациялар мен құрылғылардың иесі, пайдаланушы ұйым апатты және оның салдарын жоюдың жедел шараларын жасауға міндетті." "Апат туындаған жағдайда инженерлік коммуникациялар мен құрылымдардың иесіне, пайдаланушы ұйымдарға, апатты және оның зардабын жою бойынша дереу іс-шаралар қабылдауы қажет." сөйлемімен ауыстырылсын;
8) 137 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын "Материалдарды және басқа құндылықтарды сақтайтын қойма иелеріне, апаттық жұмыстар басшысының бірінші талабы бойынша тез арада участокты босатуы қажет.";
9) 157 тармақтағы сөйлем "Пайдаланушы ұйымдар бұрақтарды сөндірген кезде де тазалығын сақтауға міндетті." "Бұрқақты пайдаланушы ұйым, ол тоқтағанша оны тазалықта ұстауы қажет." сөйлемімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы К. Сатова
Мәслихат хатшысы Р. Бекбанов