Абай ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 12 сессиясының 2009 жылғы 19 наурыздағы N 12/151 шешімі. Қарағанды облысы Абай ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 сәуірде N 8-9-57 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы мәслихатының 6 сессиясының 2012 жылғы 8 маусымдағы N 6/58 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы мәслихатының 6 сессиясының 2012.06.08 N 6/58 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Абай ауданында иттер мен мысықтарды санитарлық ұстауды ретке келтіру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының негізінде Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Абай ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ұсынылған Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Ж. Темірқұлов

      Абай аудандық
      мәслихатының
      хатшысы                                    Б. Цай

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Абай ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық
      -эпидемиологиялық қадағалау"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Г. Дәуітпаева

      "Абай ауданының ауыл
      шаруашылық бөлімі" ММ
      бастығының міндетін атқарушы               М. Көлбаев

      Қазақстан Республикасы
      ауыл шаруашылық Министрлігінің
      агроөнеркәсіптік кешеніндегі
      мемлекеттік инспекция Комитетінің
      Абай аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы                     М. Нұрбеков

      Абай ауданы ішкі істер
      басқармасының бастығы                      Т. Нұрғалиев

Абай аудандық мәслихатының
2009 жылғы 19 наурыздағы
12 кезекті сессиясының
N 12/151 шешімімен
бекітілген

Абай ауданында
иттер мен мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕСІ

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Абай ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданы тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығын сақтау, аудан тұрғындарын адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ бірге тұруға қолайлы жағдай жасау мақсатында әзірленді.
      2. Осы Ережеде төмендегі түсініктер қолданылады:
      1) қаңғыбас ит пен мысық - иесін анықтау мүмкін емес, сондай-ақ иесінен қашып кеткен, иесі немесе жауапты тұлға тарапынан қадағалаусыз жүрген тіркелмеген үй жануары;
      2) ит пен мысықтың иесі - меншігінде немесе өзге иелікте иті немесе мысығы бар жеке немесе заң тұлға;
      3) иттер мен мысықтарды серуендету - иесінің меншігі болып табылатын немесе иесінің басқа тұлғаға жалға берген иттер мен мысықтардың жайдан тыс болуы, сондай-ақ иттер мен мысықтардың арнайы бөлінген аумақтарда болуы;
      4) қоғамдық орындар – адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде көшелер, скверлер, саябақтар және азаматтардың демалатын өзге орындары, шомылатын жерлер, стадиондар, сауық шаралары жүргізілетін орындар;
      5) мысық – мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, мысық тұқымдас үй жануары;
      6) ит – мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, қасқыр тұқымдас үй жануары;
      7) иттер мен мысықтарды ұстау – иттер мен мысықтардың өмірін, олардың жеке саулығын сақтау үшін, ветеринарлық-санитарлық қолайлы жағдайларды ұстана отырып, толыққанды тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлдар әлемінің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде ит пен мысық иелерінің іс-әрекеттері.

2 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау

      3. Мыналарға:
      1) тұрғын үйлерде иттер мен мысықтарды ұстауға;
      2) иттерді тұмылдырықпен (декоративтік иттерден басқалары) және қысқа бауда иттер мен мысықтардың нәжісін жинап алатын ыдысы бар болғанда серуендетуге;
      3) қоршалған аулаларда, арнайы үйрететін алаңдарда және осы мақсаттарға араналған еркін серуендету орындарында итті баусыз және тұмылдырықсыз серуендетуге жол беріледі.
      4. Мыналарға:
      1) көпшілік пайдаланатын орындарда: кіреберістерде, баспалдақтарда, сондай-ақ балкондар мен лоджияларда иттер мен мысықтарды ұстауға;
      2) иттер мен мысықтардың нәжістерімен кіреберістерді, баспалдақтарды, спорт және балалар алаңдарын, сондай-ақ қоғамдық орындарды ластауға жол берілмейді. Егер осы орындарда жануарлар нәжістерін қалдырған болса, оларды иттер мен мысықтардың иелері жинауы керек;
      3) иттер мен мысықтарды қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына, сауда залдары мен азық-түлік дүкендеріне кіргізуге;
      4) иттер мен мысықтарды қоғамдық шомылатын орындарда, субұрқақтарда, сулы жерлер мен су жинағыштарда шомылдыруға;
      5) балалардың алаңқайлары және спорт алаңдарында, қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, сулы жерлер мен су жинағыштарда, мектеп жасына дейінгі және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында, саябақтарда және қала тұрғындарының жаппай демалатын басқа орындарында, сондай-ақ халық жиналатын орындарда және қоғамдық шараларды өткізетін орындарда, адамдарды құтқару бойынша, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі жұмысты орындаушы қызметтік иттерден басқа және жанары әлсіз адамдарды ертіп жүретін иттерден басқа иттерді серуендетуге жол берілмейді.
      5. Иттер немесе мысықтар өлген жағдайда олардың өлігін малқорымына көму (утилдеу) қажет.
      6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау белгіленген тәртіпте өкілеттіктермен беріліп, жергілікті атқарушы органдармен оның құзыретіне сәйкес ұйымдастырылады.
      7. Иттер мен мысықтардың иелері айналадағы адамдарды жануарлардан сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шараларды қолдануға: аула иттерін арнайы бөлінген орындарда байлап ұстауға және ескерту тақтасының бар болуына міндетті.

3 тарау. Қорытынды ережелер

      8. Осы Ережені бұзған жеке және заң тұлғалар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Об утверждении Правил содержания собак и кошек в Абайском районе

Решение 12 сессии Абайского районного маслихата Карагандинской области от 19 марта 2009 года N 12/151. Зарегистрировано Управлением юстиции Абайского района Карагандинской области 27 апреля 2009 года N 8-9-57. Утратило силу - решением 6 сессии Абайского районного маслихата Карагандинской области от 8 июня 2012 года N 6/58

      Сноска. Утратило силу - решением 6 сессии Абайского районного маслихата Карагандинской области от 08.06.2012 N 6/58 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).

      В целях упорядочения санитарного содержания собак и кошек в Абайском районе и на основании Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Абайский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания собак и кошек в Абайском районе.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        Ж. Темиркулов

      Секретарь Абайского
      районного маслихата                        Б. Цай

      "СОГЛАСОВАНО"

      Начальник
      Государственного учреждения
      "Государственный санитарно-
      эпидемиологический надзор
      по Абайскому району"                       Г. Дауытпаева

      Исполняющий обязанности
      начальника государственного
      учреждения "Отдел сельского
      хозяйства Абайского района"                М. Кульбаев

      Начальник Абайской районной
      территориальной инспекции
      Комитета государственной инспекции
      в агропромышленном комплексе
      Министерства сельского хозяйства
      Республики Казахстан                       М. Нурбеков

      Начальник
      Управления внутренних
      дел Абайского района                       Т. Нургалиев

Утверждены
решением 12 очередной сессии
Абайского районного маслихата
от 19 марта 2009 года N 12/151

ПРАВИЛА
содержания собак и кошек
в Абайском районе

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила содержания собак и кошек в Абайском районе (далее - Правила) разработаны в соответствии c Кодексом Республики Казахстан от 30 января 2001 года "Об административных правонарушениях", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", Законом Республики Казахстан от 4 декабря 2002 года "О санитарно–эпидемиологическом благополучии населения" с целью сохранения санитарно-эпидемиологического благополучия населения Абайского района, охраны здоровья населения от болезней, общих для людей и животных, а также обеспечения благоприятных условий их совместного проживания.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) бродячие собака и кошка - незарегистрированное домашнее животное, у которого невозможно установить владельца, а также убежавшее от владельца, которое находится без надзора со стороны владельца или ответственного лица;
      2) владелец собаки или кошки – физическое или юридическое лицо, которое имеет в собственности или ином владении собаку или кошку;
      3) выгул собак и кошек - пребывание собак и кошек вне помещения, являющегося собственностью владельца либо арендуемого владельцем у другого лица, а также пребывание собак и кошек на специально отведенных территориях;
      4) общественные места - места, где находится значительное скопление людей или такое скопление людей возможно, в том числе улицы, скверы, парки и иные места отдыха граждан, пляжи, стадионы, места проведения общественных мероприятий;
      5) кошка - домашнее животное, млекопитающее семейства кошачьих, независимо от размеров, окраса и иных признаков;
      6) собака – домашнее животное, млекопитающее семейства волчьих, независимо от размеров, окраса и иных признаков;
      7) содержание собак или кошек - действия, совершаемые владельцами собак и кошек для сохранения жизни собак и кошек, их физического здоровья, получения полноценного потомства при соблюдении ветеринарно-санитарных норм, а также для обеспечения общественного порядка и безопасности граждан и представителей животного мира.

Глава 2. Содержание и выгул собак и кошек

      3. Допускается:
      1) содержание собак и кошек в жилых помещениях;
      2) выгул собак в наморднике (кроме собак декоративных пород) и на коротком поводке при наличии тары для сбора экскрементов собак или кошек;
      3) выгул собак без поводка и намордника, только на огороженных территориях, дрессировочных площадках и в предусмотренных для этих целей местах для свободного выгула.
      4. Не допускается:
      1) содержать собак и кошек в местах общего пользования: подъездах, на лестничных площадках, а также на балконах и лоджиях;
      2) засорять экскрементами собак и кошек подъезды, лестничные площадки, спортивные и детские площадки, а также другие общественные места. Если животное оставило экскременты в этих местах, они должны быть убраны владельцами собак и кошек;
      3) проводить собак и кошек на предприятия общественного питания, в торговые залы и продовольственные магазины;
      4) купать и мыть собак и кошек в общественных местах купания, в фонтанах, водоемах и водозаборах;
      5) выгул собак на детских дворовых и спортивных площадках, в общественных местах купания, в прудах, фонтанах, водоемах и водозаборах, территориях детских дошкольных и учебных заведений, лечебных учреждений, парках и в других местах массового отдыха граждан, а также в местах скопления народа и в местах проведения общественных мероприятий, за исключением служебных собак, выполняющих работу по спасению людей, а также по борьбе с преступностью и охране общественного порядка и собак-поводырей для людей со слабым зрением.
      5. В случае смерти собаки или кошки их труп необходимо захоронить (утилизировать) в скотомогильниках.
      6. Отлов бродячих собак и кошек организуется местным исполнительным органом в соответствии с его компетенцией и предоставленными в установленном порядке полномочиями.
      7. Владельцы собак и кошек обязаны принимать необходимые меры, обеспечивающие безопасность окружающих людей от животных: содержать дворовых собак на привязи и в специально отведенных местах, иметь предупредительные таблички.

Глава 3. Заключительные положения

      8. Физические и юридические лица, виновные в нарушении настоящих Правил привлекаются к ответственности в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".