Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, қалалық ономастикалық комиссиясының шешімінің негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Фрунзе көшесі Балқаш көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалысын бақылау әкім орынбасары Б.Ә. Казиеваға және қалалық мәслихаттың бюджет және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н. Бікіров
Сессия төрайымы Б. Төлеубекова
Мәслихат хатшысы Е. Омаров