Ескерту. Күші жойылды - Манғыстау облысы әкімдігінің 2011.11.23 № 333 қаулысымен.
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы » 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектісін қолдау мақсатында, облыс әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің «Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру Нұсқаулығын бекіту туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 231 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық тізілімде № 2011 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 13 мамырында жарияланған, Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысы әкімдігінің «Коммуналдық объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру Нұсқаулығын бекіту туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 231 қаулысын толықтыру туралы» 2008 жылдың 23 маусымында № 477 қаулысымен толықтырулар енгізілді, мемлекеттік нормативтік құқықтық тізілімде № 2019 болып тіркелеген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 29 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Маңғыстау облысы әкімдігінің «Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру Нұсқаулығын бекіту туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 231 қаулысының кіріспесі мен қосымшасында «басқару» деген сөзден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөзбен толықтырылсын;
Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысы әкімдігінің «Коммуналдық объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру Нұсқаулығын бекіту туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 231 қаулысын толықтыру туралы» 2008 жылдың 23 маусымында № 477 қаулысының кіріспесінде «басқару» деген сөзден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
2 тараудың 2 тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Жалданған мүлікті пайдаланғаны үшін жалдау төлемінің ставкасын есептеу кезінде, жалдаушының – шағын кәсіпкерлік субъектісінің өндірістік емес қызметін ескеретін коэффициент мөлшері 1 деп белгіленеді»;
3 тараудың 6 тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте, 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды мүдделі тұлғалар тек тендер өткізетін жағдайда ғана береді»
«Мемлекеттік тұрғын жай емес қорын жалдау төлемінің есептік мөлшерлемелері және қолданылатын коэффициенттерінің мөлшері» көрсетілген қаулымен бекітілген 7 тараудың 1 кестесінде:
реттік саны 5.6. жолы «өндірістік емес қызмет» деген сөзден кейін «облыс орталығында» деген сөзбен толықтырылсын;
реттік саны 5.6. жолы реттік саны 5.6.1. мынадай мазмұндағы жолымен толықтырылсын:
«
5.6.1. |
өндірістік емес қызмет қалада, аудан орталығында, селода |
1,2 |
»;
реттік саны 5.7. жолдағы «5,0» деген саны «1,5» деген санмен ауыстырылсын;
реттік саны 5.8. жолдағы «2,5» деген саны «2,0» деген санмен ауыстырылсын;
2. Осы қауланың орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ.Нұрғалиевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ. Көшербаев
КЕЛІСІЛДІ:
М.Б. Әлібекова
Маңғыстау облысы
қаржы басқармасының бастығы
2009 ж. «____»_____________