"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу үшін тәртібі мен орындарын қосымша реттеу туралы" мәслихаттың 2005 жылғы 21 қазандағы № 189 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-1-28, 2005 жылғы 8 қарашадағы "Қостанай" газетінде жарияланған) мына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
атауындағы "үшін тәртібі мен орындарын" деген сөздер "тәртібін" деген сөзбен ауыстырылсын;
кіріспеде "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының, облыс және қала басшылығының қатысуымен байланысты жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны Қостанай облысы әкімдігінің ғимаратына іргелес (Әл-Фараби даңғылы, 66) аумағы болып анықталсын.";
3-тармақ алып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, № 12 сайлау | |
округі бойынша депутаты | С. Сотников |
Қалалық мәслихат хатшысы | С. Төкенов |