"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және статистикалық мәліметтердің негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы бойынша жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде 970 жұмыс орнымен мүгедектер үшін 2009 жылға арналған квота белгіленсін.
2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) мүгедектерді квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша шаралар қолдансын;
2) мүгедектерді квота есебінде жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін.
3. Жұмыс берушілер мүгедектер үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный
қаласының әкімі Н. Денинг
КЕЛІСІЛГІ