Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 26.03.2014 № 171 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында демонстрациялар және пикеттер, митингілер, бейбіт жиналыстар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес және Алтынсарин аудан прокурорының 2009 жылғы 17 наурыздағы № 7-2-504-09 Қазақстан Республикасының заң шығарушы нормативті құқықтық актілері бойынша назарлық білдіруіне байланысты, сонымен қатар қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету, көлiк және жаяу жүргiншi қозғалыстарына кедергi келтiрмеуге, инфрақұрылым объектiлерiнiң тоқтаусыз жұмыс жасауына, жасыл көшеттер мен шағын сәулеттi нысандарға шығын әкелуiне кедергi жасау мақсатында Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1. Алтынсарин аудандық мәслихатының 2005 жылғы 27 қазандағы № 116 "Алтынсарин ауданында демонстрациялар және пикеттер, митингілер, бейбіт жиналыстар өткiзу орындарын және тәртiбiн қосымша регламенттеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (нормативті құқықтық акт тіркеуінің мемлекеттік нөмері № 9-5-14, 2005 жылдың 5 желтоқсанда № 29 "Таза бұлақ–Чистый родник" газетінде жарияланған) қосымшаға сәйкес белгiленіп жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Аудан әкiмдiгiне, село, селолық округ әкiмдерiне жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу жөнiнде өтiнiш түскен жағдайда, "Қазақстан Республикасында демонстрациялар және пикеттер, митингілер, бейбіт жиналыстар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3 бабындағы талаптарды орындауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы шешiм ресми жарияланып он күнтізбелік күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Алтынсарин аудандық
мәслихатының кезектен тыс
сессиясының төрағасы В.Максимова
Алтынсарин аудандық
мәслихатының хатшысы Т. Құлмағамбетов
КЕЛІСІЛДІ
Алтынсарин
ауданының әкімі
_____________ А. Бондаренко
29.06.2009 ж.
Алтынсарин аудандық мәслихатының
2009 жылғы 29 сәуірдегі
№ 156 шешiмiне қосымша
Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар өткiзу орындары
№ п/п |
Елдi мекеннiң атауы |
Елдi мекеннiң атауы |
Өткiзу орны |
1 |
Большечураков селолық округi |
Большая-Чураковка |
Почтовая көшесіндегі ашық сауда сатылымы өтетін алаңда |
2 |
Димитров селолық округi |
Танабай |
Уражайная көшесіндегі Ұлы Отан Соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің ескерткiшi алаңында |
3 |
Докучаев селолық округi |
Докучаев |
Первомай көшесі № 21 ЖСШ "Беляевка" кеңесінің алаңында |
4 |
Лермонтов селолық округi |
Лермонтов |
Лермонтов ауылының орталық стадионында |
5 |
Маяков селолық округi |
Первомай |
Ұлы Отан Соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің ескерткіші алаңында |
6 |
Новоалексеев селолық округi |
Новоалексеев |
"Алтын дән" Мәдениет үйінің алаңында |
7 |
Приозерный селолық округi |
Приозерный |
Ленина көшесіндегі алаңда |
8 |
Силантьев селолық округi |
Зуев Малочураков, |
Ұлы Отан Соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің ескерткіші алаңында. |
9 |
Щербаков селолық округi |
Щербаково |
Ұлы Отан Соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің ескерткіші алаңында |
10 |
Красный Кордон селосы |
Красный- Кордон |
Мәдениет үйінің алаңында |
11 |
Свердлов селосы |
Свердлов |
Целинная көшесі Мәдениет үйінің алаңында |
12 |
Обаған селосы |
Обаған |
Ленин көшесі, "Қазынашылық" бөлімінің алаңында |