Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2010.03.25 № 95 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес және Әулиекөл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 81 "Әулиекөл ауданының 2009 жылғы арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін іске асыру мақсатында Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық комиссияның шешімі бойынша, бюджетпен көзделген қаражаттардың шегінде:
табысы күнкөрістің ең аз шамасынан төмен;
мүгедектерден;
оралмандар;
толық емес отбасылардан;
ата-ананың қамқорлығысыз қалған жетімдерден;
4 және одан астам кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылардан шыққан студент қатарындағы жастарға медициналық және педагогикалық мамандықтар бойынша орта-арнайы және жоғары оқу орындарында оқытудың күндізгі бөлімін төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Студент қатарындағы жастарға оқу орындарында оқытудың ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмекке мұқтаж үміткерлерді анықтау жөніндегі аудандық комиссия (әрі қарай Комиссия) құрылсын.
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін міндетті құжаттар болып:
әлеуметтік көмек сұраған тұлғаның өтініші;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғылықты жерін растайтын құжат;
салық төлеушінің куәлігінің көшірмелері;
оқу орнын және оқу жылына оқыту үшін төлем мөлшерін растайтын құжат;
мүгедектігі жөніндегі анықтаманың көшірмесі;
ата-анасының (немесе ата-анасының біреуінің) қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмелері;
көпбалалы отбасы мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (көпбалалы отбасының балалары үшін);
оралманның куәлігі (оралмандар үшін);
отбасының жиынтық табысын растайтын құжаттары;
жеке шотының нөмірі табылады.
4. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті алуға үміткерлерден құжаттар қабылдайды, аудандық комиссия оларды қарайды және тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
5. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып анықталсын.
6. Әлеуметтік көмектің барлық түрлері үшін төлем "Қазақстан Халық банкі" акционерлік қоғамының Қостанай облыстық филиалының Әулиекөл басқармасы немесе "Қазпочта" акционерлік қоғамының Қостанай облыстық филиалының Әулиекөл аудандық почта байланысы торабы немесе "Банк Тұран Әлем – "Темірбанк" акционерлік қоғамы" акционерлік қоғамының еншілес ұйымының филиалы арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
7. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жасалсын.
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нұғманова Роза Сыздыққызына жүктелсін.
9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әулиекөл
ауданының әкімі Б. Ғаязов