Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010.09.09 № 235 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурызындағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. 2009 жылдың 28 қаңтарындағы № 112 мәслихаттың "Денисов ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бекіту туралы" (№ 9-8-120 Реестірінің мемлекеттік тіркеуіндегі нормативтік құқықтық актілерінде тіркелген, 2009 жылдың 3 сәуіріндегі, 2009 жылдың 10 сәуіріндегі "Наше время" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгертулерді енгізу:
1 тармағындағы "жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігін белгілейді" деген сөздерді жою;
4 тармағындағы "Ережені сақтамайтын тұлғаларды әкімшілік жуапкершілікке тарту мәселелерін де шешеді" деген сөздерді жою;
13 тармағын жою.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының
кезектен тыс сессиясының
төрағасы В. Ткач
Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Тойбагоров