Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2009.06.24 № 143 қаулысымен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарасу аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде құтыру аурушандықты айқындау фактісі бойынша және адамдардың және үй жануарлардың құтыру аурушандықты алдын алу мақсатында Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасу ауданы, Степной ауылының Кубанская және Целинный көшелерінде 2009 жылғы 20 сәуірден бастап құтыру жөніндегі қолайсыз пунктінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарасу аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) құтыру аурушандықты алдын алу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың әзірленген жоспарын орындалуы ұсынылсын.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Ахметов
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Қарасу аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М. Ахметов
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті Қарасу ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
В.Кайзер