"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабының 3-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 жылға арналған халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы" Қостанай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 75 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-14-103 нөмірімен тіркелген, аудандық "Көзқарас-Взгляд" газетінде 2009 жылы 10 сәуірде ресми жарияланған) 1-тармағы мынадай мазмұндағы 16), 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:
"16) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім ұйымдарының түлектері;
17) заңды тұлға – жұмыс берушінің жойылуына, немесе жеке тұлға – жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуына, қызметкерлер саны немесе штаттың қысқартылуына байланысты босатылғандар адамдар;
18) толық емес жұмыс күні тәртібінде қамтылған адамдар.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Г. Тюркин
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай ауданы әкімиятының
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________________ М. Жусупов