"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес, Сарыкөл ауданы әкімінің 2009 жылғы 20 қазандағы № 07-18/968 хатын қарастырып, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсыну түрінде, 2009 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет және спорт мамандарын әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессияның төрайымы Р. Сейтқожина
Аудандық
мәслихаттың хатшысы У. Айғұлақов
КЕЛІСІЛДІ:
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің
ауыл шаруашылық бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Марат Кәкiмжанұлы Төлемiсов
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Илияс Мыңжасарұлы Насыров