2010 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 425 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 қаңтарда № 9-18-108 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-02/1717 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011.12.08 № 11-02/1717 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың мынадай тізімі бекітілсін:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      14) жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органда тіркелген елу жастан асқан адамдар;
      15) ұзақ уақыт (бір жыл және одан астам) жұмыс істемеген азаматтар;
      16) кәсіби бастапқы, орта және орта білімнен кейінгі білім беруді бітірушілер.
      2. "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) халықтың нысаналы тобында есепте тұрған жұмыссыздар үшін лауазымды және бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу, кәсіби даярлаудан, біліктілікті артырудан өту құқығын қамтамасыз етсін;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтылудың ай сайынғы мониторингін жүргізсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таран ауданының әкімі                      А. Ахметжанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Таран ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________ Л. Өтешева
      2009.12.24

О мерах по содействию занятости целевых групп населения в 2010 году

Постановление акимата Тарановского района Костанайской области от 24 декабря 2009 года № 425. Зарегистрировано Управлением юстиции Тарановского района Костанайской области 28 января 2010 года № 9-18-108. Утратило силу в связи прекращением срока действия - письмо акима Тарановского района Костанайской области от 8 декабря 2011 года № 11-02/1717

      Сноска. Утратило силу в связи прекращением срока действия - письмо акима Тарановского района Костанайской области от 08.12.2011 № 11-02/1717.

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", пунктом 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" и в целях содействия занятости целевых групп населения, акимат Тарановского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить следующий перечень лиц, относящихся к целевым группам населения:
      1) малообеспеченные;
      2) молодежь в возрасте до двадцати одного года;
      3) воспитанники детских домов, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет;
      4) одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      5) граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      6) лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      7) инвалиды;
      8) лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      10) оралманы;
      11) выпускники организаций высшего и послевузовского образования;
      12) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя - юридического лица либо прекращением деятельности работодателя - физического лица, сокращением численности или штата работников;
      13) молодежь в возрасте от двадцати одного года до двадцати девяти лет;
      14) лица старше пятидесяти лет, зарегистрированные в уполномоченном органе по вопросам занятости в качестве безработного;
      15) длительно неработающие граждане (один год и более);
      16) выпускники начального, среднего и послесреднего профессионального образования.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата Тарановского района":
      1) обеспечить для безработных из целевых групп населения, состоящих на учете, право трудоустройства на имеющиеся вакантные и свободные рабочие места, прохождения профессиональной подготовки, повышения квалификации;
      2) вести ежемесячный мониторинг принимаемых мер по содействию занятости лиц, относящихся к целевым группам населения.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Тарановского района                   А. Ахметжанов

      СОГЛАСОВАНО

      Начальник
      государственного учреждения
      "Отдел занятости и социальных программ
      акимата Тарановского района"
      ________________ Л. Утешева
      24.12.2009