Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.07 N 3-05/74 хаты).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 1-бабы 1- тармағының 14- тармақшасына, Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XI сессия) "2009 жылға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" 129/11 шешіміне сәйкес, азаматтардың жекеленген санаттарын қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Демеуқаржыны алуға бау-бақшалары бар жеке үйлердің меншікті иелері немесе жалға алушылары (жалдаушылары) болып табылатын, осы мекенжай бойынша тұрақты тұратын және тіркелген, зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектер құқылы екендігі белгіленсін.
Жеке меншігінде екі немесе одан да көп бау-бақшалы үйлері бар зейнеткерлер және барлық топтағы мүгедектер бір ғана бау-бақшалы үйге демеуқаржы алуға құқылы.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Ә. Арыстанов) бау-бақшаны суару үшін пайдаланатын суару суы құнының 50 % мөлшерінде суға демеуқаржы берсін.
3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген азаматтар демеуқаржы алу үшін қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішпен "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жолығуы қажет.
4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі ақшалай қаржыны зейнеткерлердің және барлық топтағы мүгедектердің "Қазпошта" АҚ-дағы немесе ІІ деңгейдегі банктердегі есеп шоттарына аударсын.
5. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру Екібастұз қаласының 2009 жылға арналған жылдық бюджеті аясында жүзеге асырылсын.
6. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасары С.С. Төлеубаевқа жүктелсiн.
Екібастұз қаласының әкімі Н. Нәбиев
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2009 жылғы "____"_______
N ______ қаулысына
қосымша
"Екібастұз қаласы әкімдігінің
халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік мәселелер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С.Ә. Арыстановқа
_______________________________
_______________________________
Тұратын мекенжайы:
_______________________________
ӨТІНІШ
Мен, __________________________________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты толығымен)
_____________________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан бау-бақшасы бар жеке меншік үйдің иесі/ жалға алушысы (жалдаушысы) болып табыламын
Бау-бақша (шаршы санын көрсету)________________________________
Суға жәрдемқаржыны____________________ теңге сомасында
N________________________________________ есеп шотқа
жіберуіңізді сұраймын.
1) 2009 жылдың мамыр, маусым, шілде, тамыз және қыркүйек
айларының суару суына төленген түбіртектің көшірмесі;
2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
3) жеке куәліктің көшірмесі;
4) зейнеткер куәлігінің немесе мүгедектігі туралы анықтаманың
көшірмесі;
5) жеке есеп шотының нөмірі;
6) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі.
7) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
8) жалға алушыларға (жалдаушыларға) – жалға алу (жалдау)
келісімшартының көшірмесі.
Демеуқаржы беру шарттарымен таныстым.
2009 ж. "____" ____________________________________
(өтініш иесінің қолы)
Өтінішке менімен жауап алынды _________________________________
(өтініш иесінің Т.А.Ә)
2009 жылғы "____" ______________ ___________________________
(өтініш иесінің қолы)
_______________________
(маманның қолы)