Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес және тиісті Қайран, Жамбыл, Қараой ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Қайран ауылына кіре берісінен бастап N 1 атауы жоқ көшесіне "Орталық" деген атау;
Қайран ауылына кіре берісінен бастап N 2 атауы жоқ көшесіне "Мектеп" деген атау берілсін.
2. Жамбыл ауылына кіре берісінен бастап N 1 атауы жоқ көшесіне "Ертіс" деген атау;
Жамбыл ауылына кіре берісінен бастап N 2 атауы жоқ көшесіне "Достық" деген атау;
Жамбыл ауылына кіре берісінен бастап N 3 атауы жоқ көшесіне "Балбыр" деген атау;
Жамбыл ауылына кіре берісінен бастап N 4 атауы жоқ көшесіне "Мектеп" деген атау берілсін.
3. Қараой ауылына кіре берісінен бастап N 1 атауы жоқ көшесіне "Күбән" деген атау;
Қараой ауылына кіре берісінен бастап N 2 атауы жоқ көшесіне "Бірлік" деген атау;
Қараой ауылына кіре берісінен бастап N 3 атауы жоқ көшесіне "Мектеп" деген атау берілсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы шешімнің орындалу барысын өзім бақылаймын.
Қожамжар селолық
окрігінің әкімі Б. Аубакиров