Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімінің 2010.04.19 N 02 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкестікке келтіру мақсатында, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Железин ауданы әкімінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы "1992 жылы туған бозбалаларды Железин ауданының әскерге шақырту учаскесінде есепке алуды жүргізу туралы" N 26 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-64 болып тіркелген, 2009 жылғы 10 қаңтардағы N 2 аудандық "Родные просторы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
5 - тармақ алып тасталсын.
2. Осы шешімнің заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуі және оның аудандық "Родные просторы" газетінде ресми жариялануы қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М.Қаппасовқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж. Шұғаев