Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 04.04.2014 N 89/4 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасындағы "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Заңының 40 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның мектепке дейінгі ұйымдарындағы балалардың тамағы үшін ата-аналардың ай сайынғы төлем ақысының көлемі 4500 (төрт мың бес жүз) теңге көлемінде бекітілсін.
2. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін соң 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Аудан әкімі Н. Әутәліпов